ЖӨНДЕУ ПРОБЛЕМА БОЛМАУ ҮШІН

ЖӨНДЕУ ПРОБЛЕМА БОЛМАУ ҮШІН

Осыған байланысты Солтүстік қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Л.Мияшева бүгін сұхбат берді.

«Дәстүрлі түрде жылу келген кезде көбіміз үй жөндеу жұмыстарын жоспарлай бастаймыз. Қазіргі уақытта пәтерлерді жөндеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ пластикалық терезелер мен есіктерді дайындау және орнатумен айналысатын жеке кәсіпкерді немесе фирманы табу қиын емес. Бірақ олардың көбі өздерінің міндеттемелерін орындауға жауаптылықпен қарамайды. Ең соңында Сіздің үйіңіздің жылуы мен жайлылығы  ғана емес, Сіздің денсаулығыңыз, материалдың сапасына, жұмысты орындау кезіндегі барлық ережелер мен технологиялардың сақталуына байланысты.

Орындаушы ұсынатын материалдарды пайдалана отырып, жөндеу жұмыстарын жоспарлау және орындау мәселесін толығырақ қарастырайық. Бүгінде газеттерде немесе әлеуметтік желілерде жөндеу жұмыстары туралы көптеген жарнамаларды көруге болады. Жауапсыз кәсіпкермен немесе бір күндік фирмамен бетпе-бет келмеу үшін ең алдымен олардың нарықта жұмыс істейтін кезеңіне және өз жұмысын қаншалықты жақсы орындайтынына назар аудару керек. Мұны әлеуметтік желілердегі тұтынушылардың пікірлерін оқу арқылы немесе осы орындаушы құрылыстық жөндеу жұмыстарын орындаған достарыңызбен байланысу арқылы білуге болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Болашақта бірқатар мәселелерді болдырмау үшін мамандарды тарту арқылы жөндеуді жоспарлау кезде, Сіз және орындаушы арасындағы қарым-қатынасты реттейтін, ресми құжат болып табылатын жұмыстарды орындау туралы жазбаша шарт жасасу қажет. Шарт заңды тұлғамен (мысалы, құрылыс фирмамен), сондай-ақ жеке тұлғамен (мысалы, жеке кәсіпкермен) жасалуы мүмкін. Осы құжатта жоспарланған жұмыстардың толық тізбесін, оларды  орындаудың бастапқы және түпкілікті мерзімдерін, кепілдік міндеттемелерін, жұмыстың бағасын, оларды төлеу тәртібін, сондай-ақ басқа да жағдайларын (мысалы: жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдерін, құрылыс материалдарын сатып алу, дизайн эскиздерін бекіту тәртібін  және т.б.) белгілеу қажет. Сондай-ақ, егер тұтынушы немесе орындаушы шартта көзделген жұмыстарды орындаудың сметасын жасауды талап етсе, онда мұндай құжат жасалуы керек. Жұмысты орындау туралы шарт жасасу кезінде тұтынушы терезелерді жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ орындаушы (дайындаушы) туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқылы екенін білу маңызды.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында егер орындаушы жөндеу жұмыстарын өзінің материалын пайдалана отырып орындаса, ол оның тиісті сапасына жауап беруі қарастырылған. Бұл жағдайда, тұтынушы сәйкестіктің тиісті сертификатын немесе сәйкестік туралы декларация, оның ішінде сәйкестігі міндетті расталуға жататын импорттық тауарға, талап етуге құқылы. Мысалы: эмальдар, су эмульсиясы бояулары, тығыздағыштар, ағаш жаңқасынын тақтайшалары, түсқағаздар және басқа полимерлі мен құрамында полимер бар құрылыс материалдары 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек. Қазақстан Республикасы «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 25-бабы негізінде, Сіз өзіңіздің үйіңізде жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын материалдарға, өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды орындаушыдан талап етуге құқығыңыз бар.

Жөндеуді жоспарлау кезінде, бәріміз де төмен бағамен жақсы сападағы   орындалған жұмысты алуға ниеттенеміз. Сондықтан, шарт жасаспас бұрын, жұмыстардың бағасы, оның ішінде материалдардың бағасы туралы сұрастыру қажет. Шартта орындалатын жұмыстардың толық жиынтығының жинақты бағасы көрсетілуі тиіс.

Шартқа қол қоймас бұрын, егер қосымша материалдарды сатып алу және қосымша жұмыстарды орындау қажет болса, орындаушының бағасын көтеру құқығы туралы талаптары шартта қамтылғанын тексеріңіз. Тәжірибе көрсеткендей, егер мұндай талап бар болса, онда мұндай қосымша материалдар мен жұмыстардың қажеттілігі міндетті түрде пайда болады. Егер тұтынушы жұмысты орындауға (қызмет көрсетуге) келісім бермесе немесе орындаушыға осындай жұмыстарды орындауды (осындай қызметтер көрсетуді) тапсырмаса, орындаушының олар үшін және сметаға енгізілмеген қосымша шығыстар үшін ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ екенін біліңіз. Бірақ, егер сметаны арттыру қажеттігі туындаса, орындаушы ол жөнінде тұтынушыны дереу ескертуге міндетті.  Бұл жағдайда тұтынушы сметаға сәйкес орындалған жұмысқа қатысты жұмсаған шығыстарды орындаушыға өтей отырып, шарттан бас тартуға құқылы. Бірақ егер орындаушы сметаны арттыру туралы тұтынушыға ескертпесе, ол сметадан тыс шығыстарды өтеуді талап етпей, жұмысты орындауға міндетті. Сонымен қатар, қазіргі уақытта нарықтағы бағалар тұрақты емес және шарт жасалғаннан кейін орындаушы беруге тиіс материалдар мен жабдықтардың құны айтарлықтай өсетін жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда орындаушы  белгіленген сметаны ұлғайтуды талап етуге құқылы, ал тұтынушы бұл талапты орындаудан бас тартса, ол шартты бұзуды талап етуге құқылы.Кейде жарнамаларда кейбір орындаушылар қымбат емес материалдар мен жинақтаушы бөлiктерді, сондай-ақ бұйымдарды тегін жинауды ұсынады. Алайда, көпшілігінде арзан, сапасыз материалдардан,  істеп тұрған технологияларды есепке алмай жұмыстарды орындау болашақта кемшіліктерді жоюға қатысты қосымша шығындар мен проблемаларға әкелуі мүмкін.Бүгінгі таңда нарықта қымбаттатылған бағамен тауарларын сататын және жұмыс жасайтын көптеген әртүрлі компаниялар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер бар. Бұл тұтынушы құқықтарының бұзылуы болып табылмайды, себебі қолданыстағы заңнама жеке кәсіпкерлік субъектілері, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексте және заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны дербес белгілеуге құқығын белгілейді. Сондықтан, қалаған өнімнің (жұмыстың, қызметтің) орташа нарықтық бағасын, сондай-ақ баға мен сапаның сәйкестігін білу Сіздің таңдауыңызға айтарлықтай әсер етеді және жөндеу шығындарын азайтады.

Жұмыстырдың, материалдардың төлемін растайтын құжаттың (бақылау (тауарлық) чегі, кассалық кіріс ордерінің түбіртегі не төлеу  туралы мәліметтерді қамтитын өзге де құжат) берілуін талап етуді ұмытпаңыз. Жанжал жағдайларда осы құжат келтірілген залалды (зиянды) өтеу туралы талаптарды ұсыну үшін көмектесе алады.

Шарт жасалғаннан кейін, орындаушы жұмыстарды белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Әрине, жөндеудің ұзақтығы өте маңызды, бірақ қысқа уақыт ішінде жұмыстарды орындауға уәде берген орындаушыларға сенбеңіз, себебі бұл жағдайда жылдамдық технологияның және белгілі бір құрылыс нормаларының бұзылуын көрсетуіне өте ықтимал, ал бұл жұмысты қайтадан жасау қажеттілігіне әкелуі мүмкін. Заңға сәйкес, егер орындаушы жұмысты орындауды бастау және (немесе) аяқтау мерзімдерін бұзса, онда тұтынушы шарттан бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. Мұндай жағдайлар болғанда шартты бұзған кезде орындаушының жұмысты орындау процесінде өзінің жұмсаған шығындарын өтеуді, сондай-ақ орындалған жұмысқа ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқ.

Қабылдау-табыстау актісіне     қол қою алдында орындалған  жұмыстардың сапасын мұқият тексеріп шығу керек. Көптеген кемістіктер мен шалағай істерді алғашқы көзбен көргенде байқауға болады. Бұл терезелер мен сантехниканы дұрыс орнатпауы, жарықтар мен тегіс емес қабырғалар, есіктердің қисайғаны және тағы басқалар болуы мүмкін.Егер жұмысты қабылдаған кезде немесе оны орындау, не (кепілдік мерзімі немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер ішінде) пайдалану барысында Сіз орындалған жұмыста кемшіліктер бар немесе ол бекітілген жоспарға (дизайнердің эскизіне) сәйкес келмейтінін байқасаңыз, онда Сіздің өз таңдауыңыз бойынша орындаушыдан:

  • орындалған жұмыстағы кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
  • орындалған жұмыс үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;
  • сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды;
  • тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқығыңыз бар.

Жұмыстағы оны орындау барысында табылған кемшіліктер және орындалған жұмыстағы кемшіліктер, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс. Егер орындаушы орындалған жұмыстағы кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Залалды (нақты нұқсаны) өтеуден басқа,  жұмысты орындауды бастау және аяқтау мерзімдерін бұзғаны үшін, сондай-ақ жұмыстағы кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзғаны үшін орындаушы, егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімін өткізіп алудың әрбір күні үшін жұмыс құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс. Егер орындаушы сотқа дейінгі талаптарды өз еркімен орындамаса, тұтынушы өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне құқылы. Талап қою арызда залал мен тұрақсыздық айыбынның материалдық өтемді ғана емес, сонымен қатар, тұтынушының пікірінше, оған келтірілген моральдық зиянды өтеуді өтейтін өтемақы сомасын талап етуге болады» - бұл туралы Лазьм Исмагуловна түсіндірді.

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттің 8(7152) 53-42-32 «жедел желі»  телефоны арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, электронды және жазбаша өтініштерді Департаменттің мекенжайына «e-tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесі, e-Gov.kz «е-otinish»  ақпараттық жүйесі, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ арқылы немесе қолма-қол жолдауға болады.  

Департамент қызметкерлері азаматтарды қабылдауды Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57-В үй, 309-310а кабинет мекенжай бойынша жүргізеді» - деп толықтырды департамент басшысы.