Жиһаз алу, әрине, қуанышты оқиға. Үйіміз бен пәтеріміздегі жайлылық, жаңарған қоныс кімге болсын қуаныш сыйлайды емес пе? Ал сол жиһазды іздеуге кеткен уақытты айтсаңызшы! Сағаттар, күндер, апталарды жиһаз таңдауға арнаймыз, компьютермен іздейміз, қағаздағы каталогты ақтарамыз, әрине бір жыл, мүмкін екі жыл. Ұзақ таңдау мен талқылау, бәлкім кескінін сызу арқылы армандағы жиһаз, мүмкін жай қажетті дүние шығар, әйтеуір, таңдалды және оған тапсырыс жасалды.
Тапсырыс жасағанда қағаз жүзінде келісімшарт бекіткен әлдеқайда дұрыс болады. Назар аударыңыз, келісімшартта жауапкершілік тауар үшін ғана емес, сонымен қатар оны жеткізіп беру, уақтылы орындау, қосалқы заттарының түгендігі және өзге де шарттар қарастырылуы керек.
Сонымен қатар, Орындаушы тұтынушыға келісімшарт бекітілмей тұрып, дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік тудыру үшін барлық мәліметтерді жеткізіп, көрсетілетін қызмет туралы қажетті дұрыс ақпарат беруі қажет.
Сізге берілген келісімшарттың жобасын мұқият зерделеңіз. Оған Сіз қажет деп тапқан қызметтердің барлығын қамтуға тырысыңыз. Оған мүмкіндік болса, маналарды қосуды ұмытпаңыз:
Мысалы, Сіз белгілі бір кескінді сызып, белгіленген материалдан жиһазға тапсырыс беретін келісімшартқа отырасыз, келісімшартта сипаттаушы ақпараттар (материалдың түрі, бағасы, қайда шығарылғаны, заттардың саны және т.б.) жиһаз эскизі көрсетіледі.
Егер мыналар Сіздің көңіліңізден шықпаса:
1.жиһаз сапасы
Сіз Өндірушіге шағымдана аласыз, онда Өндіруші тарапынан келісімшарттың бұзылған талаптарын көрсетіп, Өндірушіге жауап беруі үшін уақыт белгіленеді.
Сіз белгіленген мерзімде Сізге жауап берілмесе, онда Сіз жиһаз кемшіліктерін бағалау құқығына ие, арнайы лицензиясы бар тәуелсіз мекемеге арызданасыз. Ол мекеме Сізге жиһаздағы кемшіліктерді кәсіби тұрғыда нақты бағалап шығарады. Содан кейін құжаттарды (келісімшарт, шағым, өндірушіге ақша төленгені туралы түбіртек, маманның сараптамасы) дайындап, мемлекеттік баж салығын төлеп, сотқа шағымдана аласыз. Сіз Өндірушінің тұратын жеріндегі жүгінесіз.
Мәселен, тәжірибеден қарайық. Отбасы өзге елден жиһаз тасымалдаушы фирмаға каталог арқылы шетелдік жиһазға тапсырыс берді. Олардың арасындағы келісімшарт бойынша оындаушы 4 айдың ішінде тапсырылған жиһазды әкелуі тиіс болды. Нәтижесінде, жиһаз кешіктіріліп әкелінді, сонымен қатар ол тұтынушылар тапсырыс берген каталогтағы үлгіге ұқсамады. Клиенттер жиһаздың ассортименті бойынша да, сапасы бойынша да және жеткізу мерзімі бойынша келісімшарттың талабы орындалмағандықтан, орындаушыға шағымданды. Орындаушы шағым хатқа жауап ретінде қателігін түзету үшін тағы жарты жыл сұрады. Оған клиенттер үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, сотқа арыз түсірді. Іс қаралып, тұтынушының шағымы қанағаттандырылды. Тасымалдаушы-фирмадан келісімшартта көрсетілгендей, жиһазға төленген ақша өндіріліп алынды, сонымен моральдық өтемақы төлінді.
Енді Сіз жиһазда қалай тапсырыс беру керектігін және оған байланысты күтпеген келеңсіздіктерден қалай қорғануды білесіз. Сауатты тұтынушы болыңыз, ал біз сізге әрдайым қөмектесеміз!
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Ақмола облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласа аласыз : 8 (716 2) 505122.