Елордада кездесу өтеді сауда министрлігі мен ҮЕҰ қатысуымен

Елордада кездесу өтеді сауда министрлігі мен ҮЕҰ қатысуымен

Елордада кездесу өтеді
сауда министрлігі мен ҮЕҰ қатысуымен

25 қарашада елордада "қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы" тақырыбына арналған Х Азаматтық форум аясында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктермен салалық кездесуі өтеді.

Кездесуге ведомствоның басқарушы аппаратының, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысады.

Кездесудің басты сәттерінің бірі ішкі нарықты сапасыз тауарлар мен қызметтерден қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды бағыт ретінде тұтынушылық құқықтарды қорғау мәселесін талқылау болады. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға түзетулердің 1-пакетін құқық қолданудың артықшылықтары мен күрделілігі, сондай-ақ 2-ші заң жобасын әзірлеудің жаңалықтары мен егжей-тегжейлері қаралатын болады.

Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беретін министр Бақыт Сұлтанов кіріспе сөз сөйлейді.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтыну құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру бөлігіндегі сөздері мен ұсыныстары тыңдалатын болады.

Талқылаулардың қорытындысы оларды жұмыста одан әрі іске асыру мақсатында ИСМ-ге арналған ұсынымдар болады.

Салалық кездесу ZOOM арқылы онлайн режимінде өтеді.

Байланыс телефоны: +7701804 43 73

Құрметпен, Ахметова Мадина,

ҚР Сауда министрілігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің баспасөз қызметі