Заңға түзетулер – тұтынушылардың игілігі үшін

Заңға түзетулер – тұтынушылардың игілігі үшін

2021 жылғы 21 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен кеңес өтті. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына түзетулердің 2-пакетін әзірлеу талқылаудың маңызды тармағы болды.

Бұл мәселе бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Төрағасы Тынысбеков Асқар баяндама жасады.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясат тұтынушыны сауда-нарықтық қатынастардағы әлсіз жақ ретінде қорғауға арналған.

Осы мақсатта 2020 жылы Заңға түзетулердің 1-пакеті әзірленіп, бекітілді. Алайда жаңартулардың практикалық қолданылуы проблемаларды тудырды.

 Біріншіден, бұл тұтынушылардың шағымдарын қараудың 3 сатылы алгоритмінің жетілмегендігі.

«Жоғарғы Соттың пікірінше, тұтынушылар сотқа жүгінгенге дейін үш сатылы механизмнің алғашқы екі кезеңінен өтуге міндетті: сатушы мен мемлекеттік орган. Осыған байланысты Тұтынушылық дауды сотқа дейін реттеудің осы екі кезеңінен өтпеген тұтынушыларға талаптарын соттың қайтаруы жиілеп кетті», - деп атап өтті Асқар Станиславович.

Ол 2021 жылдың 5 айында тұтынушылық даулар бойынша соттарға 916 талап арыз түскен статистиканы келтірді. Олардың 339-ы немесе 37%-ы сотқа дейінгі реттеуге 1-кезеңге қайтарылса, 235-і немесе 26%-ы Комитетке жүгіну қажеттілігіне сілтеме жасап қайтарылды.

Сондай-ақ, проблемалар тізімінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген тұтынушылардың құқықтарын бұзу түрлерінің толық қамтылмауы, оны жосықсыз кәсіпкерлер пайдаланатындығы болды.

Бұдан басқа, қоғамдық бақылау жеткілікті тиімді емес, өйткені бірлестіктерге оның қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мақсатында тауар үлгілерін бақылап сатып алуды жүргізу функциясы берілмеген.

 Электрондық сауданың құқықтық саласында олқылықтар бар. Тұтынушылар интернет арқылы тауарларды төлеу кезінде алаяқтыққа жиі ұшырайды, бұл әлеуметтік желілердегі тауар айналымын заңнамалық реттеуді талап етеді.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулердің 2-пакетіне консультативтік құжаттар әзірледі, олар жария талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылды. Келесі сілтемелер бойынша өтіп, өз ұсыныстарыңызды қалдыруға шақырамыз: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11369456#leave-npa-comment ; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11372084 ; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11372407 ; https://www.nur.kz/preview/1931264/e6768474292ecd92074faeb1ca65ef41c79909aea5c1ba11f8fd090b8cc0f52382f2aaaef8fb9e65d6015a72ef71a2f164601e5c53865533b87063c8a0d88b25/). Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 қазанында ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің заң шығару жұмысы Қағидаларының 22-тармағына сәйкес өтінім беру арқылы қатыса алатын нысаналы топтармен дебаттар өткізу жоспарланған (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1600000907 ).

Комитет төрағасы Жалпы Заңның 2-ші пакетін әзірлеу ерікті мүшелік негізінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Бірыңғай жалпыұлттық коммерциялық емес ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негізді көздейтінін атап өтті. Бұл бүкіл ел бойынша бытыраңқы қоғамдық бірлестіктерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелендірілген, материалдық және нормативтік нығайтылған, үкіметтік емес ұйымға шоғырландыруға әкеледі.

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу, Заңның базалық қағидаттарын коммуналдық, қаржылық, медициналық, туристік және өзге де қызметтер көрсету салаларына тарату жоспарлануда. Үш сатылы механизмді қайта қарау, электрондық сауда кезінде тауар сатуды нақты құқықтық реттеуді белгілеу талап етіледі. Құқық қолдану практикасына теріс әсер ететін құқықтық олқылықтарды жою үшін ҮЕҰ-ның нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысуын қамтамасыз ету маңызды.

 «Заңға ұсынылған түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз ету, әлеуметтік тепе-теңдікті құру бойынша оң нәтиже береді. Халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі артады. Әзірленген жаңалықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге шығарады және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі», - деп атап өтті Тынысбеков Асқар.