Интернет-дүкен сатып алушыларын қалай қорғауға болады? – ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Интернет-дүкен сатып алушыларын қалай қорғауға болады? – ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Әлемдік covid-19 індеті электрондық сауданың дамуына өзіндік серпін берді. Өз денсаулығы үшін қауіптенетін және қоғамдық орындарда көп уақыт өткізгісі келмейтін тұтынушылар E-commerce платформаларын белсенді пайдаланады.

Мәселен, егер 2019 жылы Қазақстанда электрондық нарықтың көлемі   700 млрд. теңгеден сәл ғана асатын болса, 2020 жылы ол 1,1 трлн.теңгеден асты және жалпы бөлшек тауар айналымының 9,7%-ын құрады (11,6 трлн. теңге).

Интернеттегі сатып алушылар саны да 2019 жылмен салыстырғанда                    3,2 млн. белсенді сатып алушылардан 20%-ға жуық өсіп 3.8 млн. көрсетті.  Бүгінде нарықта 650-ге жуық интернет-дүкен жұмыс істейді.

Онлайн-саудаға мұндай көшу ұзақ мерзімді тренд болуы мүмкін.

Алайда, электрондық коммерцияның кемшіліктері арасында – тұтынушылар интернет арқылы тауарларды төлеу кезінде алдау мен алаяқтыққа жиі тап болады.

Қазақстанда электрондық сауда «Сауда қызметін реттеу туралы»              Заңмен реттелгенмен, электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау «Сауда қызметін реттеу туралы» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдарға сәйкес жүзеге асырылады, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері интернет желісіндегі тауарлар айналымы туралы қолданыстағы заңнамада бірқатар олқылықтарды табады.

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде атап өткендей, 2020 жылы оларға тұтынушылардан онлайн-дүкендердің әрекетіне 689 шағым түскен. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша қазақстандық азаматтарға 13,2 млн. теңге қайтарылды.

2021 жылдың басынан бері 265 шағым түсті, қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша қазақстандық азаматтарға 794,881 мың теңге қайтарылды.

Қазақстандықтардың ТҚҚК-ға өтініш беру себептері:

- мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуден жалтару (Интернет-дүкендер әлеуметтік желілерде ғана тіркелген, olx, satu, market);

- тауарды айырбастау немесе қайтару мүмкіндігінің болмауы (сатушылар туралы ақпараттың болмауына байланысты);

- жеткізілген тауар сапасының лайықсыз болуы;

Бұл ретте, көп жағдайда тұтынушылардың тауар сапасын толық құнын төлегенге дейін тексеруге мүмкіндігі жоқ («Қазпошта» АҚ тұтынушыларды пошта жөнелтілімін ашу үшін тауардың толық сомасын енгізуге міндеттейді);

- тауар туралы ақпаратты ұсынбау (тауар тұтынушыға жапсырмаларсыз, заттаңбаларсыз, тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатсыз жіберіледі);

- сатушы туралы ақпараттың болмауы (интернет-дүкендердің сайттары мен әлеуметтік желілерінде деректемелер, байланыс нөмірлері көрсетілмейді);

- тұтынушыларда тауарлардың сапасын растайтын құжаттарды (сәйкестік сертификаты) талап ету мүмкіндігінің болмауы;

- жеткізу мерзімінің бұзылуы (көбінесе бұл туралы тұтынушыға хабарламайды);

- таңдауды шектеу, тауарлардың белгілі бір спектрін ғана ұсыну;

- алаяқтық; әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін және 100% алдын ала төлем жасауды талап ететін интернет-дүкендер ақша төлегеннен кейін аккаунттарды жояды және тұтынушыларды тауарсыз, ақшасыз қалдырады;

- тұтынушыларды алдау; сатушылар 100% алдын ала төлемді талап ете отырып, тұтынушыларға кері байланыссыз және сатушы туралы сенімді ақпаратсыз сапасыз тауарды жібереді.

 

Анықталған олқылықтарды жою үшін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеушілер түсіндірді, заңнаманы өзектендіру жүргізілетін болады:

- Мысалы, зиянкестер сайтты құрып, оны нарықтағы бағадан төмен бағаны белгілей отырып (жеңілдіктер мен жаппай сату ұсынысымен), сондай-ақ банк картасы арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен 100% алдын ала төлеу опциясымен ойдан шығарылған өніммен толтырады. Бұл ретте,  тапсырысты төлегеннен кейін тауар сатып алушыға жетпейді, ал интернет-дүкеннің өзі жойылады.

- Интернет-саудадағы алдау мен алаяқтық санының өсуін тоқтату үшін электрондық сатуды құқықтық реттеудің неғұрлым нақты тәртібі қажет. Сондықтан біз алдағы заң жобасында тауарларды қашықтықтан сату тәсілі бойынша жеке бөлімді міндетті түрде енгізуді көздейміз. - Электрондық саудада тұтынушылардың құқықтарын пәрменді қорғау үшін біз азаматтық қоғам ұсынатын шараларды ескеретін боламыз. Біз өз тұжырымдамамызда электрондық шарт жасасу кезінде мәліметтердің ең аз тізбесін белгілеуді, сайтты міндетті түрде тіркеуді және жауапты заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуды, электрондық коммерциямен нақты айналысу туралы растауды қарастырдық, – деді ТҚҚК төрағасының орынбасары Алмас Әбжаппаров.