15 наурыз - Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні

15 наурыз - Дүниежүзілік тұтынушылардың  құқықтарын қорғау күні

15 наурыз - Дүниежүзілік тұтынушылардың

құқықтарын қорғау күні

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқылардың бірі болып "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңды қабылдады, онда негізгі басымдық халықтың өмірі мен денсаулығы болып табылады.

Алдағы уақытта Қазақстан Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің 30 жылдығын атап өтеді.

Осыған байланысты, ҚР Сауда және интеграция министрлігі қорытынды шығаруды, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында еңбек етіп жүрген ерекше, белсенді адамдарды марапаттауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты жариялау мақсатында іс-шараға БАҚ өкілдері шақырылады.

Кездесу ағымдағы жылғы 15 наурызда сағат 16.00-де Министрліктер үйінің 7 кіреберісінде, 1246 кабинетте өтеді.

 

Аккредиттеу үшін БАҚ өкілдері ағымдағы жылғы 15 наурыз сағат 10.30-ға дейінгі мерзімде қоса берілген нысанға сәйкес деректерді толтырып, presskzpp@gmail.com электрондық мекенжайына жіберу қажет.

 

БАҚ өкілдерін аккредиттеу және өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +77018044373 (Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Ахметова Мадина).

СИМ баспасөз қызметінің байланыс телефоны: +77758680927, +77767141995.

 

 

Аккредиттеу нысаны

БАҚ атауы

ТӘА

ЖСН, жеке куәлік нөмірі

Техниканың атауы

Сериялық нөмірі

Байланыс