Интернет-сауда жасау: сауатты, қауіпсіз, заңды

Интернет-сауда жасау: сауатты, қауіпсіз, заңды

 Заманауи шындықтар күн сайын өз ережелерін айтады. Кеше әдеттегі өмір салты карантиндік режиммен алмастырылып, қызметтің барлық салаларына түзетулер енгізді. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың едәуір бөлігі қашықтағы форматта жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар онлайн режимінде сатып алулар жасайды. Бұл денсаулық үшін қауіпсіз, уақыт жағынан тиімді және физикалық тұрғыдан ыңғайлы. Интернет-сауда жасау дәстүрлі сатып алуға қарағанда әлдеқайда танымал болды. Киім, аяқ киім, косметика, электроника және басқаларды қысқа мерзімде есікке дейін жеткізіп береді.

Бұл жаңалықтың көптеген артықшылықтары бар. Бірақ сонымен қатар,  кемшіліктер де бар, олар сатып алушылар үшін жағымсыз салдарға айналады, өйткені тауар-ақша қатынастары шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын бұзумен байланысты көптеген мәселелер туындайды.

Онлайн сатып алудың кемшіліктері

Сатып алушылар сапасыз немесе өнім сипаттамасына сәйкес келмейтін тауарларды алақол жеткізушілерден ала алады. Тапсырыс клиентке жеткізілмеуі мүмкін. Бұл, өкінішке орай, болып тұратын жағдай.

Сондай-ақ, тауарларды арзан сататын бір күндік фирмалардың сайтына тап болу мүмкіндігі бар, олар  алдын ала төлем алғаннан кейін жай жоғалып кетеді. Сонымен қатар, сатып алушылар интернетте төлем жасағаннан кейін банктік карточкадан ақша жоғалтатын жағдайлар бар. Мұнда интернеттегі алаяқтықтың көптеген нұсқалары бар.

Тауарды алу мерзімі кешіктірілуі мүмкін, ал өнім тұтынушыға енді қажет болмаған кезде жетеді. Көбінесе сатушы сатып алынған затты айырбастаудан немесе оған ақшаны қайтарудан бас тартады.

Интернет-дүкендерден тауарларды сатып алғанда, тұтынушылар өз құқықтарын білуі және бұзылған жағдайда оларды қорғай білуі, сонымен қатар алаяқтарды уақытында тану білуі қажет.

Жалған сатушының белгілері

Сайтта немесе әлеуметтік желілерде мекен-жай мен телефон нөмірінің жоқтығын байқауға болады, және барлық байланыс тек электрондық пошта немесе жедел хабар алмасу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Сатушының нақты аты-жөні жоқ, ол жалған аттың артында жасырылады, бұл сервиске жақында тіркелген, сату туралы хабарландыру оның жалғыз хабарламасы болып табылады.

Жарнама көбінесе қателіктермен, ұқыпсыз, тыныс белгілері жоқ, бас әріптермен және т.с.с. жарияланған. Тауардың фотосуреті жоқ немесе интернеттен алынған фотосурет салынған. Басқа сатушылардың аналогтарымен салыстырғанда тауардың бағасы тым төмен.

Сонымен қатар, жалған сатушы әдетте толық немесе жарты төлемді алдын-ала талап етеді.  Алаяқтар төлемдерді тек жасырын реквизит бойынша қабылдайды: электронды әмиян, ұялы телефонды толтыру немесе басқа адамның (туыс, дос және т.б.) атына.

Жалған сатып алушының белгілері

Алаяқ сатып алушы тауарға аса қызығушылық танытпайды, сатып алуды қалайтынын белсенді түрде білдіреді және тез арада төлем әдісі туралы сөйлесуге кіріседі. Ол сізден тегі, аты, жарамдылық мерзімі және CVC кодын, картаның толық мәліметтерін сұрайды. Ал бұл мәліметтер - алаяқтардың тез баюының кілті. Сонымен қатар, ол сізден ұялы телефоныңызға жіберілген сізге төлем жасау үшін қажет болуы мүмкін түрлі кодтарды айтуыңызды сұрайды.

Интернеттегі алаяқтардың құрбаны болудан қалай сақтануға болады:

Интернет-дүкен, веб-сайт, ол туралы шолулар, мекен-жайлар, телефон нөмірлері туралы ақпаратты мұқият зерттеңіз, қызығушылық тудыратын тауардың бағаларын салыстырыңыз. Ақпараттың жетіспеушілігі, өнімді алудың түсініксіз жүйесі көбінесе алаяқтықтың белгілері болып табылады.

Банк картасы туралы ақпаратпен ешқашан ешкіммен бөліспеңіз. Қылмыскерлер олардың реквизиттерін пайдаланып, мысалы, түрлі сатып алулар жасай алады.

Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау сауда қызметі субъектілері үшін қарастырылған заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатынын ұмытпаңыз. Интернет арқылы тауарларды сатып алу фактісі түбіртек пен фискалды чекпен расталады.

Сатып алушы әрқашан дұрыс

Егер тауар болжанғанды қанағаттандырмаса, қайтару процедурасы қарапайым бөлшек саудадағыдай. Яғни, әркім белгілі бір уақыт шеңберіне келмеген затты қайтаруға құқылы. Орауды ашпас бұрын тапсырыстан бас тарта аласыз. Жеткізу және қайтару туралы ақпаратты мұқият қарап шығуыңыз қажет. Егер сіз курьер кеткеннен кейін немесе почта бөлімшесінен сәлемдеме алғаннан кейін өнімнің ақауларын тапсаңыз, алаңдамаңыз, өнімді ауыстыру немесе оны қайтарып беру туралы өтінішпен интернет-дүкенге қайта хабарласуыңыз керек. Әдетте, мұндай жағдайлар сатып алушының пайдасына шешіледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үкіметтің бақылауында

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтардың мүдделерін күзетеді. 2020 жылдың 10 айында Комитетке 15600-ден астам өтініш келіп түсті. Айта кету керек, қабылданған шаралар нәтижесінде тұтынушылардың көпшілігіне ақша қайтарылды.

Бөлім қызметкерлері азаматтарға өздерінің тұтынушылық құқықтары бұзылған жағдайда Комитеттен көмек сұрауға, оның ішінде сенім телефонына қоңырау шалып, құқықтық мәселелерді түсіндіру және қаржылық сауаттылықты арттыру үшін Telegram ботын белсенді қолдануды ұсынады.