Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті қазақстандықтарға 150 млн-нан астам теңгені қайтаруға көмектесті

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті қазақстандықтарға 150 млн-нан астам теңгені қайтаруға көмектесті

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті халықтың құқықтары мен мүдделерін сақтап қалу, тұтынушылардың  құқықтарын қорғау аясына мақсатталған саясат жүргізіп жатыр. Тұтынушылар құқықтары жиі бұзылатыны байқалды. Мекеме мен оның аумақтық бөлімшелеріне түсетін өтініштер статистикасы соның көрсеткіші болып табылады.

2020 жылдың 9 ай аралығында Комитетке 15 200-ден астам өтініштер түсті. Олардың көбісі – тұрғындарға консультация мен тұңғылықты түсіндіру жұмыстары жүргізілетін «жедел желіге» түсті.

3915 жазбаша өтініштердің арасынан 2000 қанағаттандырылды, ал қалғаны тиісті инстанцияларға жіберіліп, екі жақтың келісімі бойынша немесе даудың мәні болмағандықтан тоқтатылды.

Сауда және Интеграция министрі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасының әлеуметтік желілердегі парақшаларына 400-ден астам өтініш қабылдануының арқасында, азаматтар өздерін толғандыратын сұрақтарына уақытылы жауаптарын алып отырды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыларға 150 млн-нан астам теңге қайтарылды.

Өтініштерді сараптау жұмыстары бойынша тұтынушылардың құқықтары көбінесе көлік қызметтері саласында бұзылатын. Бұл қызметке 6 мыңнан астам азаматтар шағымданып, қолға алынған шаралар арқасында 72,8 млн теңге қайтарылған. Осы тізімде жетекші сектордың екінші орнында жекелеп сататын сауда түрі болып, сатып алушыларға 38 млн теңге қайтарылды. Бұдан бөлек, қазақстандықтарға тұрмыстық, туристтік, коммуникациялық, қаржылық, медициналық қызмет, электронды сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қоғамдық тамақтану салаларында нашар істелген қызмет көрсетілді.

Халық болмаған авиарейстер үшін ақшалай қаражаттардың қайтарылмауына, сапасыз тауар сатылымына, тауарды айырбастау немесе қайтарудан бас тартуларға, жиһаздың сапасыз жасалуы мен жөнделуіне, сән салондарының қанағаттандырмайтын қызметтеріне, тұрмыстық техниканың нашар жөнделуіне және де т.б. құқық бұзушылықтарға наразылығын білдірді. Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі және olx, satu платформаларындағы алаяқтық әрекеттер бойынша да талай өтініштер түсетін.

Бұл және де басқа наразылықтар тауарлар мен қызметтер нарығы сапасын жаңарту бойынша жұмыстарды қажет ететіндігін көрсетеді. Сондай өзгерістер халықтың әл-ауқатының көтерілуіне тікелей әсер етеді. Бұл маңызды сауал мемлекеттің тұрақты бақылауында. Ол бойынша тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тұтынушылық мәдениет деңгейі мен халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруге арналған масштабты жұмыс жүргізілуде.