2025 жылдың 12 айындағы резонанстық істер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау нәтижелері туралы

2025 жылдың 12 айындағы резонанстық істер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау нәтижелері туралы

2025 жылы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы аумақтық департаменттер азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында кешенді жұмыс жүргізді. Қабылданған шаралар Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы аясында іске асырылып, елдің барлық өңірлерін қамтыды.

Жұмыс сот алдын-ала тәртіпте де, сот тәртібінде де жүргізілді, оның ішінде тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қозғайтын істер де қаралды.

Резонанстық істерді қарау қорытындысы бойынша 436 тұтынушының құқықтары қалпына келтіріліп, қайтарылған ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден асты.

Өңірлер бойынша нәтижелер

Алматы қаласы

Алматы қаласында қайтарылған қаражат көлемі ең жоғары көрсеткіштердің бірі ретінде тіркелді. Тұтынушыларға автокөліктер мен жылжымайтын мүлік объектілері үшін 215 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Резонанстық жағдайлардың қатарында сатушының міндеттемелерін орындаудан жалтаруына қарамастан тұрғын емес үй-жайды беру, сондай-ақ автокөліктердің күрделі техникалық ақауларына байланысты қаражатты қайтару жағдайлары бар.

Астана қаласы

Елордада даулардың едәуір бөлігі сот тәртібімен шешілді. Сот шешімдері негізінде конструктивтік кемшіліктері бар автокөліктер үшін тұтынушыларға 45,8 млн теңгеге дейін қаражат қайтарылды. Департамент сот процестеріне үшінші тұлға ретінде қатысып, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

Алматы және Ақмола облыстары

Аталған өңірлерде белгіленген мерзімде тапсырылмаған пәтерлер, автокөліктер және автосалондардың қызметтері бойынша ондаған миллион теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Бірқатар жағдайларда көлік құралдары ауыстырылып, тұрғын үй үшін төленген алдын ала төлемдер қайтарылды.

Ақтөбе және Атырау облыстары

Автокөлік саудасы мен туризм саласындағы резонанстық істер қаралды. Сот шешімдері мен досудебтік келісімдер нәтижесінде тұтынушыларға 60 млн теңгеден астам, оның ішінде зауыттық ақауы бар автокөлік үшін 22,9 млн теңге қайтарылды.

Абай облысы және Қарағанды облысы

Автокөліктердегі ақаулар мен тұрғын үй құрылысы және жөндеу саласындағы орындалмаған шарттар бойынша қаражаттар қайтарылды. Кейбір жағдайларда тұтынушыларға пәтерлер беріліп немесе елеулі көлемде ақшалай өтемақы төленді.

Жамбыл облысы

Массаждық жабдықтарды сату кезінде жаппай құқықбұзушылықтар анықталды. Досудебтік тәртіпте 5 тұтынушыға 4,6 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Жетісу облысы және Батыс Қазақстан облысы

Департаменттер тұтынушылар тобының құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап арыздар берді. Сот шешімдері бойынша смартфондар, жиһаз, оқу қызметтері және өзге де қызметтер үшін 33 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Қостанай облысы

Автокөлік саудасы және коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтары қалпына келтірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2 000-нан астам тұрғынның ыстық сумен жабдықтау мәселесі шешілді.

Қызылорда және Маңғыстау облыстары

Сапасыз тауарлар мен көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін тұтынушыларға 12 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Павлодар облысы

Ең ауқымды істердің бірі — косметикалық өнімдерге заңсыз несие рәсімдеу жағдайы. Нәтижесінде 46 тұтынушыға 22,6 млн теңге қайтарылып, сондай-ақ автокөліктер бойынша да қаражат қайтарылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қозғалтқышы жарамсыз автокөлік үшін тұтынушыға 6,3 млн теңге қайтарылды.

Түркістан облысы және Ұлытау облысы

Туризм, құрылыс және автокөлік саудасы салаларындағы ұжымдық өтініштер қаралды. 35 млн теңгеден астам сомаға қаражат қайтарылып, автокөліктер ауыстырылды, даулардың бір бөлігі медиация тәртібімен реттелді.

Шымкент қаласы

Өңір өтініштер саны бойынша ең белсенді аймақтардың бірі болып қалуда. Тұтынушыларға автокөліктер, пәтерлер, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер және оқу қызметтері үшін қаражаттар қайтарылды. Жекелеген жағдайларда қайтарылған сома 51 млн теңгеге дейін жетті, сондай-ақ тұтынушылар топтары үшін заңсыз есептеулердің күші жойылды.

Қорытынды

Қабылданған шаралар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сот алдын-ала және сот арқылы реттеу тетіктерінің тиімділігін көрсетті. Азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмысы алдағы уақытта да жалғастырылады.