Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау платформасының пилоттық нұсқасын іске қосты

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау платформасының пилоттық нұсқасын іске қосты

Ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау платформасының пилоттық нұсқасын іске қосты.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі цифрлық платформа тұтынушылардың барлық шағымдарын/өтініштерін жинаудың, өңдеудің және мониторингілеудің орталықтандырылған алаңы болуы тиіс.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі цифрлық платформаның пилоттық нұсқасының 1-кезеңі аясында «Тауарды айырбастау/қайтару» санаты бойынша өтініштерді жинау және өңдеудің тестілеуі жүргізілетін болады. Пилоттық жобаға үш ірі сауда орындары қатысады: Alser, Magnum Cash&Carry, Анвар.

Тұтынушылар платформаға weask.kz адресі бойынша кіре алады және жоғарыда көрсетілген дүкендерден сатып алынған тауарды айырбастау / қайтару бойынша өз өтініштерін / шағымдарын қалдыра алады. Бұл ретте, өнім дүкеннің қайтару талаптарына сәйкес келуі керек, чектің немесе дүкенде сатып алу туралы растаудың болуы қажет. Басқа мәселелер бойынша шағымдар/өтініштер беру функционалы пысықталуда және платформаны толыққанды іске қосу шеңберінде қолжетімді болады.

Шағым/өтініш беру үшін тұтынушыға бірнеше арналар қолжетімді болады: (1) өз сұратуын тікелей платформада жіберу, (2) сауда орындарындағы смартфондардың көмегімен QR-кодтарды оқу арқылы.

Платформаға шағым түскеннен кейін тұтынушылардың шағымын дүкен қарайды. Егер тұтынушы дүкеннің жауабына қанағаттанбаса, онда өтініш әрі қарай ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қарауына жіберіледі.

Платформаны толыққанды іске қосу нәтижелері бойынша тұтынушылар өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі, дүкендермен өзара іс-қимыл онлайн-форматқа ауыстырылады, бұл көрсетілетін қызметтердің / сатылатын тауарлардың сапасын арттыруға әсер етеді.

Сонымен бірге, тұтынушыларда онлайн форматта қоғамдық бірлестіктерден және Қазақстанның басқа да сотқа дейінгі реттеу органдарынан қосымша ақпарат және қолдау алу үшін жүгіну мүмкіндігі болады.