Тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік қорғау: әділдік қалпына келтірілген нақты жағдайлар

Тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік қорғау: әділдік қалпына келтірілген нақты жағдайлар

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері азаматтардың құқықтарын жүйелі түрде қорғайды. Елдің әр өңірінен түскен соңғы өтініштер тұтынушы өз құқығын біліп, дұрыс әрекет етсе, ең күрделі жағдайларда да әділдікке қол жеткізуге болатынын көрсетеді.

Шығыс Қазақстандағы стоматологиялық қызмет

Облыс тұрғыны стоматологиялық қызмет көрсету барысында оның құқықтары бұзылғаны туралы шағыммен Департаментке жүгінді. Жеке клиникамен жасалған шарт бойынша тұтынушы жалпы құны 1 210 000 теңге көлемінде тіс емдеу, жұлу және протездеу қызметтерін толық төлеген. Алайда протездеу қызметі орындалмаған, ал дәрігер мен клиника иесі қайтыс болған.

Департамент заң нормаларын түсіндіре отырып, сот процесіне үшінші тұлға ретінде қатысты. Сот клиниканың өз міндеттемелерін толық орындамағанын анықтап, оның әрекеттерін заңсыз деп таныды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 13-бабының 3-тармағы, 34-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес тұтынушыға көрсетілмеген қызмет үшін төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.

Қарағанды облысындағы сапасыз диван

Өңір тұрғыны 862 115 теңгеге диван сатып алған. Жеткізіліп, құрастырылғаннан кейін тауарда айтарлықтай кемшіліктер — жастықтардың арасында көзге көрінетін олқылықтар анықталған. Сатушы тұтынушының талаптарына жауап бермеген.

Департамент мамандары тұтынушыға міндетті тәртіппен алдымен досудебелік талап жолдауды ұсынды. Бұл — дауды ерікті тәртіппен шешуге мүмкіндік беретін алғашқы құқықтық қадам, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабымен көзделген жауапкершіліктен бұрын туындайтын рәсім.

Нәтижесінде тұтынушының құқықтары толық қалпына келтірілді: дүкен тауарды ауыстыру немесе ақшасын қайтару мүмкіндігін ұсынды. Бұл әрекеттер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 15-бабына сәйкес жүзеге асырылды.

Ақмола облысындағы көрсетілмеген қызметке алынған алдын ала төлем

Тұтынушы білім беру ұйымындағы пробалық сабаққа алдын ала төлем жасаған, алайда қызмет көрсетілмеген. Ұйым төлемнің қайтарылмайтыны туралы алдын ала ақпарат бермеген.

Департамент кәсіпкерге «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 7-бабында көзделген талаптарды түсіндірді. Аталған бапқа сәйкес тұтынушы қызметтің мәні, бағасы және төлемді қайтару шарттары туралы толық әрі дұрыс ақпарат алуға құқылы.

Нәтижесінде тұтынушыға алдын ала төлем толық қайтарылды. Бұл жағдай екі маңызды жайтты көрсетеді:

  1. Тұтынушылар үшін — төлем және қайтару шарттарын алдын ала тексеру, келісімнің маңызды талаптарын жазбаша түрде рәсімдеу қажет.
  2. Кәсіпкерлер үшін — қаражатты қайтару тәртібі туралы тұтынушыны алдын ала хабардар ету заң талаптарын сақтауға көмектеседі.

Шымкент қаласындағы сапасыз тұрмыстық техника

Қала тұрғыны бірнеше күн ішінде істен шыға бастаған тұрмыстық техниканы сатып алған. Дүкенге жүгінгенімен, мәселе шешілмеген.

Тұтынушы Департаментке арызданғаннан кейін жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, заңбұзушылықтар анықталды. Сатушыға ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Тұтынушының құқықтары толық қалпына келтірілді: төленген қаражат қайтарылды.

Қорытынды

Бұл мысалдар тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді. Әрбір азамат сапалы тауар мен қызмет алуға, ал құқықтары бұзылған жағдайда — ақшасын қайтаруға, кемшіліктерді жоюға немесе өтем алуға құқылы.

Департамент тұтынушыларға даулы жағдайлар туындаған кезде келесі арналар арқылы жүгінуге болатынын еске салады:

  • eGov.kz порталы — «Е-Отініш» сервисі
  • e-Otinish мобильдік қосымшасы
  • Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері

Өз құқықтарын білу, сауатты әрекет ету және уақтылы мемлекеттік органдарға жүгіну — тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауға және әділдікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.