
Алда – қысқы каникулдар. Бұл – қазақстандықтардың көпшілігі демалыс орындары мен сауықтыру базаларына сапар жоспарлайтын кезең. Осындай уақытта әр азамат өз құқығын білуі аса маңызды. Ақмола облысындағы Департаментке жүгінген тұтынушының жағдайы – соның айқын дәлелі.
Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне демалыс базасына алдын ала төлем жасаған азамат жүгінді. Алайда қызмет мүлдем көрсетілмеген. Тұтынушы сапарға шыға алмау туралы уақытылы хабарлап, броньдау күнін ауыстыруды немесе алдын ала төлемді қайтаруды сұраған.
Департамент мамандары жедел түрде кеңес беріп, құқықтарын түсіндіріп, досудебелік өтінішті дұрыс ресімдеуге көмектесті. Кейін ведомство тұтынушы құқығын қорғау мақсатында істің процесіне үшінші тұлға ретінде қатысты.
Нәтижесінде тараптар мәмілеге келді: орындаушы тұтынушыға төленген қаражатты толық қайтарып, қосымша қонақүйде бір күндік тұру құнын 50% жеңілдікпен ұсынды.
Тұтынушының қызмет көрсетуден бас тарту құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 686-бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес, тапсырыс беруші келісімшарттан кез келген уақытта бас тарта алады, ал орындаушы тек нақты жұмсалған шығындарды ғана ұстап қала алады. Қызмет мүлдем көрсетілмегендіктен, алдын ала төлемді ұстап қалуға негіз болмаған.
Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті дауларды досудебелік тәртіппен шешудің маңыздылығын атап өтіп, азаматтарға өз құқықтары бұзылған жағдайда міндетті түрде жүгінуге болатынын еске салады. Егер қызмет көрсетілмесе, мерзімдер бұзылса немесе қаражатты қайтару туралы ақпарат берілмесе – тұтынушы көмек сұрауға құқылы.
Департамент мамандары төмендегі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
сот алдын ала талап-арыз дайындау;
тұтынушылардың құқықтарын түсіндіру;
кәсіпкерлермен дауларды досудебелік деңгейде сүйемелдеу.
Департамент азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау бағытында жұмысты жалғастыра береді.