Бүгін Сауда және интеграция министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған ресми іс-шарасы аясында министр А.А. Шаққалиевтің алғыс хатымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының бас сарапшысы Меруерт Улкеева марапатталды.
Марапат тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.
Сондай-ақ, бүгін Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген БАҚ өкілдері қатысты.
Комитет төрағасы Асқар Тынысбеков құттықтау сөз сөйлеп, медиа саласы мамандарына аталған салаға қосқан үлестері мен кәсіби еңбектері үшін алғыс білдірді. Ол тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен ақпарат таратудағы БАҚ-тың рөліне ерекше тоқталды.
Комитет төрағасының бұйрығымен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау ісіне ақпараттық қолдау көрсетіп, үздіксіз еңбегімен ерекшеленген бірқатар БАҚ қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.Атап айтқанда:
Әселім Қалкенқызы Әбілдинова – ҚР СИМ Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, журналист
Тойгүл Нұржанқызы Жубанисова – ҚР СИМ баспасөз хатшысы
Гүлнұр Нұржауқызы Имандосова – «Атамекен Бизнес» телеарнасының продюсері
Эльмира Жолайқызы – «Хабар» арнасы, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің продюсері.
БАҚ – тұтынушылардың құқықтық сауатын арттырып, проблемалық мәселелерді қоғам назарына ұсыну арқылы олардың шешіміне жол ашатын маңызды қоғамдық институт. Олар тұтынушы мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, ашықтық пен сенімділіктің кепіліне айналып отыр.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!