Астана қаласында визалық қызметтер көрсететін ЖШС мен тұтынушы арасындағы даулы мәселе сотқа дейінгі тәртіпте шешімін тапты. Келіссөздер нәтижесінде тараптар 1 592 000 теңге көлеміндегі соманы кезең-кезеңімен қайтару туралы ресми келісімге келді.
Бұған дейін Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушыдан №2400724-2 және №230724-3 шарттар шеңберінде төленген, алайда толық көлемде көрсетілмеген қызметтерге қатысты шағым келіп түскен болатын. Тұтынушы өз құқықтарын сотқа дейінгі тәртіпте талап қою арқылы қорғауға тырысқан.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабы негізінде тұтынушыға талап қою құқығы туралы түсіндірме беріліп, Департаменттің араласуымен орындаушы тараптан ресми жауап алынды. Компания ақшалай қаражатты қайтаруға қатысты 2025 жылғы сәуірден қазанға дейінгі мерзімді қамтитын төлем кестесін ұсынды.
Төлем кестесіне сәйкес:
алғашқы төлем — 350 000 теңге (30 сәуірге дейін),
кейінгі төлемдер — 207 000 теңгеден ай сайын қазан айына дейін жүзеге асырылады.
Барлық қаражат қайтарылғаннан кейін тараптар шарттарды бұзу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл жағдай мемлекеттік органның қатысуымен даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен тиімді шешудің оң үлгісі болып табылады.
Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарға өз құқықтарын қорғау үшін заңда көзделген тетіктерді пайдалануға кеңес береді. Орындаушы тарап бұзушылықтарды жоюдан бас тартқан немесе жауап бермеген жағдайда, тұтынушы уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 млн теңгеге қорғады. Бұл — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нақты нәтижесі. Аталған кезеңде 122 тұтынушының мүддесін қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 461,9 млн теңге көлемінде өтемақы қайтарылды.
Осы істердің қатарында қайтарылған сома 5 млн теңгеден асқан жағдайлар да бар. Алматы қаласында пәтер сатып алған азаматқа заңмен көмек көрсетілді. Қабырғалардағы жарықтар, жылу оқшаулауының нашарлығы және шектен тыс шу деңгейі анықталған соң, тұтынушының шағымы негізінде 25,9 млн теңге қайтарылды. Астана қаласында премиум санатындағы автокөлік сатып алған азамат көліктің рулдік басқару жүйесіндегі ақауға тап болған. Сот процесіне департаменттің қатысуымен сатушыдан 45,8 млн теңге өндіру туралы шешім қабылданды. Мұндай ақауы бар автокөлікке қатысты істердің жалпы саны 21, ал қайтарылған қаражат көлемі 338,2 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, Павлодар облысында үш тұтынушыға 53,8 млн теңге, Қызылорда облысында техникалық талаптарға сай келмеген ойын жабдықтарын сатып алған тұтынушыға 6,4 млн теңге қайтарылды.
Бірнеше адамның құқықтары бұзылған ұжымдық шағымдарға да ерекше назарда. Павлодар облысында толық ақпарат берілмей рәсімделген косметикалық өнімдерге арналған несиелер бойынша 17 тұтынушыға 9,1 млн теңге қайтарылды. Түркістан, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында тағы 33 тұтынушы сапасыз массаж жабдықтары, тұрмыстық техника және орындалмаған шипажай жолдамалары үшін 7,5 млн теңге көлемінде қаражаттарын қайтарып алды. Атап айтқанда, Шымкент қаласында бес тұтынушыға 1,3 млн теңге, Сарыағаш ауданында шипажай жолдамалары үшін төленген 1 млн теңге қайтарылды.
Кейбір даулар сот арқылы шешілді, өйткені құқық бұзушылықтар ондаған тұтынушыны қамтыды. Жетісу облысында смартфонды жеткізбегені үшін департамент сотқа жүгініп, нәтижесінде 17 тұтынушыға 7,2 млн теңге қайтару туралы шешім шықты. Оның ішінде тоғыз тұтынушы ақшасын сот шешіміне дейін қайтарып алған. Павлодар облысында көрсетілмеген қызметке қатысты дау медиация тәртібімен аяқталып, 12 тұтынушыға 900 мың теңге қайтарылды.
Аталған төрт айдың қорытындысы аумақтық департаменттердің тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. Құны жоғары тауарларға қатысты жеке даулардан бастап ұжымдық мәселелерге дейін — әрбір қорғалған іс елімізде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің нақты әрі тиімді жұмыс істеп отырғанын дәлелдейді.
Соңғы уақытта елімізде алаяқтық жолмен тауар сатып, тұтынушыларды алдап кету жағдайлары жиілеп барады. Әсіресе, сапасы күмән тудыратын немесе нарықтағы бағасынан бірнеше есе қымбат өнімдерді несиеге рәсімдетіп сату әрекеттері жиі тіркелуде. Осындай жағдай Батыс Қазақстан облысында да орын алып, тұтынушының заңды құқықтарын қорғау бойынша нақты нәтижеге қол жеткізілді.
Қ есімді тұтынушы ұйымдастырушылардың шақыруымен массаж жапқышының таныстырылымына куә болады. Сатушылар бұл құрылғыны соңғы үлгідегі жоғары технологиямен жабдықталған, денсаулыққа аса пайдалы өнім ретінде сипаттап, тұтынушыны сендіреді. Алайда өнімнің бағасы — 1 000 000 теңге. Қаражат тапшылығы болғандықтан, сатушылар азаматқа банктік несие рәсімдеп береді.
Алайда үйіне оралған соң, Қ мырза интернет арқылы құрылғының нарықтағы бағасын тексеріп көргенде, нақты құны 60 000 теңгеден басталатынын анықтайды. Яғни оған өнімді 17 есе қымбат бағамен ұсынған. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген азамат бірден Батыс Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген болатын.
Мамандардың көмегімен ресми наразылық жазылып, сатушы мекен-жайына жолданады. Департаменттің араласуымен сатушы тұтынушымен байланысқа шығып, төленген 1 000 000 теңгені толық қайтарып берді.
Дәл осындай жағдайды Н есімді азамат та бастан кешіреді. Ол да массаж құрылғысын 1 000 000 теңгеге несиеге рәсімдеп, кейін оның нақты бағасын білген соң Департаментке жүгінеді. Уақтылы жазылған шағым нәтижесінде ол да ақшасын толық қайтарып алды.
Мамандар не дейді?
Батыс Қазақстан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарды мұндай алаяқтықтан сақтану үшін төмендегі кеңестерге назар аударуға шақырады:
Егер сіз де осындай жағдайға тап болсаңыз, уақыт оздырмай Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне немесе тиісті органдарға шағымдануды ұмытпаңыз. Заңды құқығыңызды қорғау – өз қолыңызда.
2025 жылдың 31 наурызында тұтынушы шетелге жұмысқа жіберетін компания кеңсесіне барып, шетел визасын рәсімдеу және жұмысқа жіберу бойынша қызмет көрсету туралы келісімшартқа қол қойды. Қызметтің толық құны (476 000 т.), банк комиссиясымен қоса, сол күні төленді.
Алайда 2025 жылдың 2 сәуірінде, яғни келісімшарт жасалғаннан кейін екі күннің ішінде, отбасылық жағдайларға байланысты тұтынушы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды. Ол компанияға тиісті өтінішпен жүгініп, ешқандай құжат тапсырмағанын және көрсетілген мерзімде компания тарапынан ешқандай шығын болмағанын ескертіп, ақшасын қайтаруды талап етті.
Дегенмен, компания тұтынушының келісімшарттан бас тарту туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Осы жағдайға орай, тұтынушы Маңғыстау облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірді.
Шағымды қарау барысында департамент Қазақстан Республикасының “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңына сәйкес, тұтынушының құқығын толықтай ескеріп, заңнама нормаларына сүйене отырып, компанияның әрекетін дұрыс емес деп таныды. Себебі келісімшарт жасалғаннан кейін аз уақыт өтті, қызмет көрсету басталмады және компания нақты шығындарға ұшыраған жоқ.
Нәтижесінде, тұтынушының талабына сәйкес, төленген қаражат толық көлемінде қайтарылды. Бұл оқиға – тұтынушылардың өз құқықтарын білуі және оларды қорғау үшін заңды жолмен әрекет етуінің жарқын мысалы.
Маңғыстау облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтарға кез келген келісімшарт жасалғанда оның шарттарын мұқият оқуға, сондай-ақ заңмен белгіленген құқықтарын білуге шақырады. Егер тұтынушы құқығы бұзылса, бірден тиісті органдарға жүгіну арқылы әділ шешімге қол жеткізуге болады.
Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушы сатып алған жуғыш шаңсорғышынан ақау шығып, соның ақшасын қайтарып алу үшін көмекке жүгінді.
Тұтынушы шаңсорғышты танымал маркетплейс алаңынан сатып алады, тауар қолына жетіп, техниканы тексерген кезде, жуғыш шаңсорғыштан ақау шығады. Шаңсорғыштың құрғақ сору кезінде ылғалды із қалдыратыны анықталады.
Тұтынушының тауарды қайтару туралы өтінішінен кейін онлайн-дүкен оны қабылдап, сараптамаға жібереді. Сараптама шаңсорғыштың дұрыс жұмыс істейтінін растайды. Алайда, тұтынушы тауарды тексерген компания ресми өндірушінің сервис-орталығы болмағандықтан осы сараптаманың сенімділігіне күмән келтіреді.
Жоғарыда аталған процедуралар белгілі бір уақытты алады, ал тұтынушы рәсімделген бөліп төлеу бойынша төлемдерді уақытында жасап отырса да, тауар сатушыда қала берген.
Департамент қызметкерлері онлайн-дүкеннің басшылығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 29-бабының 5-тармағына сәйкес: тауарды үлгі мен (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сай келетін тауарды беруіге міндетті.
Қазіргі уақытта Департаменттің жұмысының нәтижесінде шаңсорғыштың тапсырыс күші жойылды және тұтынушыға толық көлемде ақша қайтарылды.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы тұтынушының өмірден қарапайым қанағат алудың басты факторы ғана емес, тұтынушының денсаулығы мен жалпы өмір қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Сондай-ақ керісінше заң талаптарына сай келмейтін өнімдер мен қызметтер қоғамға қауіп төндіреді.
Сондықтан тұтынушы өз құқықтарын сақтай білуі тиіс.Өз құқықтарын білу тұтынушыларға тауар сатушылардың тарапынан озбырлықты болдырмауға,ал өндірушілер мен сатушыларға сапа жағынан қабылданған талаптарды қанағаттандырмайтын ұсынылған және сатылған өнім шығындарын, сонымен қатар экономикалық және әкімшілік ықпал шаралардың шығындарын өтеуге арналған артық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Күнделікті өмірде тұтынушы тауар сатып алу кезінде туындайтын қарапайым мысалдардың бірі көп ретте тауар туралы ақпарат шет тілде жазылғандықтан қолдану жөнінде толық ақпарат болмайды.Сондай мысалдың бірі:
Ағымдағы жылдың 16 наурызында тұтынушы А. қысқа толқынды пеш сатып алды.Құжат шет тілде жазылғандықтан қолдану жөнінде толық ақпарат ала алмады, тамақтары жиі күйіп кететін болды.Енді не істеу керек?
Шет елде өндірілген тауардың ақпарат жазылған нұсқаулығы, маркасы, қолдану ережелері импорттаушы ұйым есебінен қаржыландырылып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы қажет.
Қазақстан Республиксының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 10-бабының 2 тармағына сәйкес, тұтынушы қажетті қасиеттері жоқ тауарды сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Сатып алынған тауарды мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Сондай-ақ аталған Заңның 25- бабының 7- тармағына сәйкес бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат берілмеген болып есептеледі.
Пәтердің интерьерін безендіру кезінде әркім ас үйге арналған жиһазды және сәндік элементтерді таңдауға ерекше назар аударады. Көбінесе үстел үсті мен қабырға шкафтары арасында алжапқыш орнатылады. Ол қабырғаның осы бөлігін қорғап қана қоймайды, сонымен қатар ас үйді қосымша безендіріп, эстетикалық функцияны орындайды.
Бірақ орындаушының істеген жұмыстары үй иесінің көңілінен шыға бермейді. Петропавл тұрғындарының бірі алжапқышы мен ас үй жиһазын жасау және орнатуға тапсырыс берген кезде жағымсыз жағдайға тап болды. Орнатқаннан кейін 2 айдан соң алжапқыш қабырғадан деформацияланып, қабыршақтай бастады. Жартыжыл бойы тұтынушы орындаушыға бірнеше рет ауызша хабарласып, табылған кемшілікті жоюды сұраған, бірақ нәтежесі болған жоқ. Орындаушыға қолма-қол табыс еткен жазбаша наразылық та жауапсыз қалды.
Азаматша А.-ның өтініші негізінде ҚР СИМ-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жоспардан тыс тексеру тағайындады. Тексеру іс-шаралары барысында жеке кәсіпкер түсіндірме жазбасын ұсынды, онда тұтынушы көрсеткен кемшіліктерді жоюдан бас тартуын жұмысты орындау кезінде пайдаланған желімнің сапасына жауапты еместігімен негіздеді.
Департамент мамандары орындаушыңың айтқан тұтынушының талаптарын орындаудан бас тарту негізі заңсыз екенін атап өтті. Сапалы жиһаз – бұл ең алдымен, оны жасаған кезде пайдаланылған материалдардың сапасы.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес егер тұтынушы жұмысты өз материалынан орындауды талап етпесе, орындаушы шартта айқындалған жұмысты өз материалынан және өз қаражаты есебінен орындайды. Жұмысты өз материалынан орындайтын орындаушы оның тиісті сапасы үшін жауапты болады.
Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
Сондай-ақ егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер тұтынушының наразылығына жауап бермегені үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сондай-ақ орындаушыға орындаған жұмысында анықталған кемшіліктерді жою туралы ңұсқама берілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қарауында.
Талқылау барысында жұмыс тобының мүшелері қолданыстағы заңнаманы желілдіруге бағытталған көптеген ұсыныстар енгізіп жатыр. Ұсыныстардың бірі – заң жобасына «жұмыс (көрсетілетін қызмет) нәтижесі» ұғымын енгізу.
Сондай-ақ сапасы мен жасырын кемшіліктеріне қатысты ұғымдық аппаратқа келесі ұсыныстар да енгізілді:
Нақтылайтын осындай нормаларды қабылдау тұтынушылардың қорғау деңгейін арттыруға ықпал етеді деп ойлаймыз.
Ақтау қаласының тұрғыны зергерлік бұйымдар дүкенінен 1 300 000 теңгеге алтын сағат сатып алды.
Тауар жеткізілгеннен кейін, тексеру барысында оның сапаға сәйкес келмейтіні анықталған. Осыдан кейін тұтынушы тауарды қайтарып, төленген қаражатты қайтаруды сұрайды. Алайда, сатушы сапасыз тауар үшін төленген ақшаны қайтарудан бас тартқан.
Тұтынушы ҚР СИМ Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымданды. Өз кезегінде, Департамент мамандары сатушыға тұтынушының құқықтары мен орындаушының міндеттерін, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңында (бұдан әрі – Заң) көрсетілген талаптарға сәйкес, түсіндіріп берді.
Атап айтқанда, Заңның 7-бабы 7-тармақшасына сәйкес, тұтынушылардың тауарды сапалы немесе сапасыз болуына қарамастан айырбастауға немесе қайтаруға құқығы бар.
15-баптың 1-тармағына сәйкес, егер сатушы тауардың ақаулары туралы ескертпеген болса, сапасыз тауар сатып алған тұтынушы өз қалауы бойынша талап етуге құқылы:
1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.
Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін;
3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.
Нәтижесінде, сатушы тұтынушыға сапасыз тауар үшін төленген 1 300 000 теңгені қайтарды.
Құрметті тұтынушылар!
Еске Саламыз:
Сатып алудан бұрын тауарды және тауарды қайтару шарттарын тексеріңіз.
Егер тауардан ақау анықталса, сатушыға жазбаша шағыммен хабарласыңыз.
Сатушы мәселені шешуден бас тартса, ҚР СИМ-нің аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне хабарласыңыз.
Өз құқықтарыңызды қорғау маңызды және заң әрқашан адал сатып алушының жағында болады.
Кеңес алу үшін Сіз Маңғыстау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласа аласыз немесе "Е-Otinish"платформасы арқылы өтініш жаза аласыз.
Сапасыз стоматологиялық қызметтерді алу кезінде тұтынушыларда жиі сұрақтар туындайды: тұтынушы сапасыз қызмет үшін төленген ақшаны қайтаруды талап ете ала ма, сапасыз көрсетілген қызметтер үшін қандай жауапкершілік бар және тұтынушы мұндай жағдайға тап болғанда қайда жүгінуі керек?
Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осындай мәселемен тұтынушы жүгінді.
Тұтынушының айтуынша, ол қатты тіс ауруы шағыммен стоматологиялық клиникаға барған.
Тұтынушыны тексергеннен кейін оған тіс рентгенінен өту ұсынылды, содан кейін тіс дәрігері ауру тісті алып тастау туралы шешім қабылдады. Тұтынушыға процедураның күрделірек екендігі түсіндірілді, өйткені қызыл иектің қабынуы болды, ірің мен киста болған кезде қызыл иекті іріңнен тазарту жүргізілді. Тісті жұлу тұтынушыға 15 000 теңгені құрады.
Үйге келгеннен кейін тұтынушының температурасы 38,5-ке дейін күрт көтеріліп, жұлынған тістің орнында тұрақты өткір ауырсыну басталды.
Келесі күні тұтынушы тіс дәрігеріне оның температурасы төмендемейтіні туралы шағыммен қайта қарады, тіс дәрігері тексергеннен кейін тұтынушының жағдайы тіс жұлғаннан кейінгі таныс белгілер екеніне сендірді.
Алайда, тісті жұлғаннан кейінгі үшінші күні де әйелде бірдей жоғары температура сақталды. Бұл жолы тұтынушы ватсапқа оның жағдайы нашарлағанын жазды, оған дәрігер вирусқа қарсы препаратын тағайындайды. Өз кезегінде, тұтынушы оған антибиотиктерді тағайындауды сұрап жазады, бірақ дәрігер тұтынушыға бас тартты.
Тұтынушы ауырсыну мен температураға төтеп бере алмай, басқа стоматологиялық клиникаларға көмек сұрап жүгінді, бірақ олар тексеруден бас тартады, өйткені олар басқа біреудің "жұмысына"жауап бере алмайтының айтты. Түнде ол амалсыздан жедел жәрдем шақырып, онда оған жақ-бет хирургиясына баруға кеңес берілді. Хирург-дәрігерлердің қарауында оған "Ауыз аймағында Флегмона және абцесс" диагнозы қойылды.
Тұтынушы қайтадан тазартудан өтті, өйткені ірің қайта пайда болды, оған антибиотиктер тағайындалды.
Стоматологиялық қызметті сапасыз жүргізу нәтижесінде тұтынушыға төменгі жақтың жұмсақ тіндерінде жиналған іріңді тазарту операциясы жасалды.
Осы жағдайды ескере отырып, Департамент келесіні түсіндіреді꞉"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 24-Бабында Орындаушы: "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қызмет туралы, сондай-ақ орындаушы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге, қызметтің қауіпсіздігін, қызметті еркін таңдауды, қызметтің тиісті сапасын қамтамасыз етуге, шығындарды (зиянды)толық көлемде өтеуге міндетті қызмет көрсетудегі кемшіліктер салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген, қызмет көрсету жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын жеке тұлғаның болуын қамтамасыз ету, оның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетілген төсбелгі (бейдж) және оның санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді сақтауы.
Қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету фактісін растайтын құжатты немесе қызмет көрсету кезінде жасалған шартты беру.
Сондай-ақ, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 35-Бабына сәйкес тұтынушы өз таңдауы бойынша талап етуге құқылы:
1) көрсетілген қызметтегі кемшіліктерді өтеусіз жою;
2) көрсетілген қызмет үшін сыйақының тиісті азаюы;
3) осындай сападағы біртекті материалдан басқа затты өтеусіз дайындау немесе қызметті қайта көрсету;
4) тұтынушының оларды жою құқығы шартта көзделген кезде кемшіліктерді жоюға арналған өз шығыстарын өтеу.
Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаса, тұтынушы шартты бұзуға және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы (35-баптың 2-тармағы ).
Көрсетілген қызметтегі кемшіліктерді өтеусіз жою және көрсетілген қызмет үшін сыйақыны тиісінше азайту талаптары жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдау кезінде немесе оны орындау (көрсету) барысында кемшіліктер анықталған не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер ішінде пайдаланылған жағдайда, ал жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдау кезінде кемшіліктерді табу мүмкін болмаған жағдайда ұсынылуы мүмкін. кепілдік мерзімінің өтуі, жасырын кемшіліктер анықталған жағдайда-бір жыл.
Сонымен, тұтынушы өз таңдауы бойынша талап қоя отырып, Орындаушыға жазбаша талап қояды. Орындаушы шағымды қарауға және талаптармен келіспеген жағдайда оны алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде құжаттамамен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті. Алайда, белгіленген мерзімде стоматология шағымға жауап бермеді.
Департамент өз кезегінде тұтынушының шағымына белгіленген мерзімде жауап бермеу мәселесі бойынша жоспардан тыс тексеруді ашты. Стоматологиялық клиникаға жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сонымен қатар, Департамент бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Сондай-ақ, тұтынушы өз өтінішінде 500 000 теңге көлемінде материалдық және моральдық залалды өтеуді сұрады. Осыған байланысты Департамент материалдық, моральдық зиянды өтеу үшін сотқа жүгіне алатының, Департамент сотқа үшінші тұлға ретінде қатыса алады деген құқығын түсіндірді.
Қазіргі уақытта тұтынушының ақпараты бойынша сотқа талап-арыз дайындалуда.
Егер тұтынушы осындай жағдайға тап болса, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі 9 мекенжайы бойынша немесе өтініштерді қабылдаудың бірыңғай платформасы арқылы жүгіне алады E-otinish.gov.kz, бірыңғай ақпараттық жүйе E-tutynushy.kz немесе 8(7182)551070 сенім телефонына хабарласыңыз.
ҚР СИМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Қызылжар ауданының тұрғыны жүгінді, ол қалалық фирмалардың бірімен өзінің жеке үйінде пластикалық терезелер орнатуға шарт жасасқан.
Көрсетілетін қызметтердің құны толық көлемде төленген, алайда Орындаушы жұмысты тиісінше орындамаған. Өз өтінішінде тұтынушы орнатылған пластикалық терезелердің бірінде жақтаудың қисаюына байланысты екі қабатты терезе жарылғанын, бірақ Орындаушыға бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, кемшіліктер жойылмағанын атап өтті. Тұтынушының талаптарын орындаудан бас тартқан кезде Орындаушы екі қабатты терезені ауыстыру кепілдік жағдайы болып табылмайды деп мәлімдеген. Тұтынушы бұзушылықты растайтын дәлел ретінде өз өтінішіне жасалған шарттың көшірмесін, фотосуреттерін, шағымын және орындаушымен хат алмасуын қоса ұсынды.
Келіп түскен өтініш негізінде Департамент жосықсыз кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындады.
Тексеру барысында Орындаушы тұтынушының құқықтарын бұзғаны және шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындамағаны анықталды. Орындалған жұмыстың нәтижесі сапасыз болып шыққан, ал тұтынушы көрсеткен кемшіліктерді заңда белгіленген мерзімде жоймаған.
Департамент қызметкерлері орындаушы тұтынушының талаптарын орындаудан заңды түрде бас тартпағанын атап өтті, өйткені жасалған шарттың талаптары бойынша оларға екі қабатты терезелерге тегін кепілдік қызмет көрсету қарастырылған.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағына сәйкес тұтынушының орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кездегі құқықтары
1. Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;
3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);
4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.
Заңның 35-бабының 4-тармағына сәйкес оны орындау (көрсету) барысында анықталған жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері және орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктері, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс.
Департамент жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісіне орындалған жұмыстың кемшіліктерін жою туралы нұсқама берді.
Нәтижесінде Орындаушы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындап, қызметтер кемшілігін жою мақсатында тұтынушыға басқа сапалы терезені орналастырып берді.
Бұл тұрмыстық жағдай тұтынушының өз құқықтарын қорғай алатындығын көрсетеді!
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқық бұзылған жағдайда сатушыға (дайындаушыға, Орындаушыға) жазбаша шағыммен жүгінуді ұсынамыз.
Сондай-ақ, тұтынушылар Заңды түрде қойылған талаптар орындалмаған жағдайда аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне, сондай-ақ сотқа жүгінуге құқылы.