Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы жұмыс қорытындысын жариялады. Биыл өңірде барлығы 1363 өтініш қаралған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 пайызға көп. Олардың 54 пайызы тұтынушылардың пайдасына шешіліп, 77 миллион теңгеден астам қаражат тұрғындарға қайтарылған. Ең жиі тіркелетін мәселелер - сапасыз немесе жарамдылық мерзімі өткен тауарды сату, тауарды қайтарудан бас тарту, онлайн саудадағы ақшаны қайтару қиындықтары мен қызметтердің уақытында орындалмауы. Жыл басынан бері тұтынушылардың құқығын бұзған 150-ден астам кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
https://www.youtube.com/watch?v=P_-RuaR61DQ