Астанада ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің жыл сайынғы республикалық «Жылдың үздік жас метрологы» байқауының қорытындылары жарияланды. Бұл байқау 2009 жылдан бері өткізіліп келеді және осы байқауға метрология саласында өзін танытқан жас мамандар мен студенттер дәстүр бойынша жиналады.
Биылғы байқау Халықаралық метрология күнін және Метриялық конвенцияның 150 жылдығын мерекелеуге орай ұйымдастырылды. Бұл шараға әртүрлі оқу орындары мен салалық ұйымдардан 25 жас метролог қатысты. Талантты жас адамдардың қатысуы метрология мамандығына деген қызығушылықтың артық келе жатқанын білдіреді, бұл елдегі ауқымды реформаларға және техникалық реттеудің дамуына байланысты.
Қатысушылардың әрқайсысына ғылыми баяндама дайындау ұсынылды, баяндамада олар осы саланы жетілдіру мен дамуға бағытталған өз зерттеулері мен идеяларын ұсынып, жұмыстарымен таныстырды.
Сонымен, үшінші жүлделі орын үш қатысушыға берілді. «ҚазСтандарт» РМК Қарағанды филиалының жетекші маманы Роман Денякин «Орта климаттық қысымдарды тексеру кезінде өлшеу нәтижелерін бағалау әдісін әзірлеу және зерттеу» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Үшінші орынға сондай-ақ «Метрологиядағы есептеулерді автоматтандыру үшін жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында баяндамасын дайындаған «KazMedServiceGroup» ЖШС жетекші маманы Ерасыл Әбеу иеленді. Satbayev University студенті Бақберген Ермек «Өлшеулердегі белгісіздікті бағалау: GUM және Монте-Карло әдістерін биметалл термометрінің мысалында салыстыру» тақырыбындағы баяндамасымен үшінші жүлделі орынның үшінші иегері атанды.
Екінші жүлделі орын байқаудың екі қатысушысына берілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс докторанты Бауыржан Абдыкаримов «Топырақ қабатындағы авиациялық отынды анықтаудың жедел әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы өз жұмысымен таныстырды. «ҚазЭкспоАудит» ЖШС-нің жетекші маманы Рабига Тлеужанова «Топырақ қабатынан элементтердің қозғалмалы формаларын алу схемаларын салыстыру, алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру және оңтайландырылған әдістемелер бойынша метрологиялық сипаттамаларды бағалау» тақырыбында баяндама жасады.
Байқауда бірінші жүлделі орынды ең көп дауыс жинаған қатысушы иеленді және нәтижесі ретінде «2025 жылдың ең үздік жас метрологы» атағына ие болды. Бұл атақ оған «ТМД МАК және COOMET ең үздік жас метрологы» халықаралық байқауында Қазақстан атынан шығу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар жеңімпаз Қытай Халық Республикасының Ұлттық метрология орталығында тағылымдамадан өтеді. Осы атаққа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік газ ылғалдылығы жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында баяндама ұсынған «ҚазСтандарт» РМК бас маманы Асылбек Жұмағали ие болды.
Жүлдері орындарға иеленбеген барлық қатысушылар ҚР СИМ ТРМК алғыс хаттарымен марапатталды.
Айта кету керек, «Жылдың үздік жас метрологы» байқауы мамандықтың дамуына және танымалдылығына жәрдемдесіп, сондай-ақ жас мамандардың метрология саласындағы жаңа білім мен жетістіктерге ұмтылысын қолдайды.