Ақмола облысында авто-газ құю станциялары жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында авто-газ құю станциялары жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті Ақмола облысында сұйытылған газды жүзеге асыратын екі субъектіге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша екі объектіде сұйытылған газды өткізу кезінде қолданылатын сенімсіз өлшеу құралдарын пайдалану барысында бұзушылықтар анықталды. Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына қайшы келеді және тұтынушылардың құқықтарын бұзу қаупін тудырады.

Аталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 1 061 640 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде 2024 жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша автогаз құю станцияларына қатысты ауқымды бақылау іс-шараларының кешені өткізілді.

Облыс аумағында сұйытылған газды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 20-дан астам субъекті тіркелген. Барлығына қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді, оның барысында барлық жағдайларда бұзушылықтар, оның ішінде міндетті метрологиялық тексерусіз өлшеу құралдарын пайдалану тіркелді. 22 субъект профилактикалық бақылау жоспарына енгізілді, олардың нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беру шаралары қабылданды.

• 14 кәсіпкерлік субъектісіне ұйғарым шығарылды,
• 84 бірлік тексерілмеген жабдықты пайдалануға тыйым салынды,
• ҚР ӘҚБтК 462-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекеттік орган өкілдері атап өткендей, өткізілетін іс — шаралардың негізгі мақсаты-заңнаманың және тұтынушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету. Өлшеудің сенімсіз құралдарын пайдалануға жол берілмейді, өйткені ол азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді және есептеулердің ашықтық қағидаттарын бұзады.

Департамент тексерілмеген өлшеу құралдарын қолдану заңнаманы бұзу және тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіретінін еске салады. Мұндай бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Азаматтарға аумақтық Техникалық реттеу және метрология органдарына жүгінуді ұсынады.