Қамыстыбас балық питомнигі метрология заңнамасын бұзған

Қамыстыбас балық питомнигі метрология заңнамасын бұзған

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан "Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК қызметінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың анықталғаны туралы хабарлайды.

Комитеттің аумақтық бөлімшесі жүргізген жоспарлы тексеру барысында тексеру туралы қолданыстағы сертификаттарсыз өлшеу құралдарын пайдаланған. Заңнаманың бұзылуы жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға, орман шаруашылығын жүргізуге, сондай-ақ табиғи су ресурстарымен жұмыс істеуге байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде сенімсіз өлшеу құралдарын пайдаланғаны анықталды.

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшеу құралдары пайдалануға берілгенге дейін, жөндеу жүргізілгеннен кейін және одан әрі пайдалану процесінде міндетті түрде тексерілуі тиіс.

Заң бұзу фактісі бойынша мекеменің лауазымды адамы қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта кәсіпорын анықталған заң бұзушылықтарды жою және қызметті метрологиялық нормаларға сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдауда.

Техникалық реттеу және метрология комитеті өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы, әсіресе қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға әсер ететін қызметті жүзеге асыру кезінде талаптарды сақтау қажеттігін еске салады.