Қостанайда көлік қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтар үшін зертханаға айыппұл салынды

Қостанайда көлік қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтар үшін зертханаға айыппұл салынды

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті көліктің экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін көліктерге қауіпсіздік сертификаттарын беру фактісін анықтады. Көліктерде зиянды заттарды азайтатын жүйе жоқ (қозғалтқыш каталитикалық нейтрализатор мен бөлшектер фильтрімен жабдықталмаған).

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес, Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімнің белгіленген тәртіппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі оның нарықтағы айналысының қажетті шарты болып табылады.

КО ТР018/2011 талаптарына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары нөмірі бойынша сәйкестендіруге, конструкцияның техникалық сараптамасын қоса алғанда, көлік құралдарына тексеріс жүргізуге, сондай-ақ қажетті сынақтар мен өлшемдерді орындауға міндетті. Осы процедуралардың негізінде хаттама жасалады, ол Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздік туралы куәлікт беру үшін негіз болады.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты зертханаға қатысты «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтамағаны үшін зертханаға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 2 159 820 теңгені құрайды. Бұған дейін аккредиттеу жөніндегі уәкілетті орган сынақ зертханасының аккредиттеу сертификатын қайтарып алған болатын.