ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінде құрылыс өнеркәсібі тауарларының проблемалық мәселелері талқыланды.
Тас өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының өкілдерімен өткен кездесуге кәсіпкерлер палатасының, «Qazaq Stone» Қазақстанның тас өңдеу саласы одағы» ЗТБ, бақылаушы мемлекеттік органдардың («Атамекен» ҰКП, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР СИМ Сауда комитеті, ҚР СИМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Ұлттық аккредиттеу орталығы) өкілдері қатысты.
Кеңес барысында табиғи тастан жасалған бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу және өткізу кезінде мемлекеттік бақылауды күшейту, сәйкестік сертификаттарын заңсыз берудің жолын кесу және зертхананы тиісті аккредиттеу мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.