Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті Маңғыстау облысындағы екі ұйымның қызметін тоқтатты: «АвтоСертАктау» ЖШС және «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ филиалының сынақ зертханасы.
Жоспардан тыс тексерулер барысында бұл ұйымдар көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді бұзылған автомобильдерге рәсімдегені анықталды, бұл «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 018/2011 техникалық регламентінің талаптарын бұзады.
Регламентке сәйкес сынақтар мен тексерулерге олардың мақсатына сәйкес пайдалануға жарамды жиынтық көлік құралдары ғана жатады.
Анықталған бұзушылықтар негізінде «АвтоСертАктау» ЖШС-не 719 940 теңге көлемінде, ал «ҰлтССО» АҚ Маңғыстау филиалының СЗ-на 2 215 200 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы зертханаларды аккредиттеу аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.