Бірлескен шаралар жоспары туралы

Бірлескен шаралар жоспары туралы

2024 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті мен Қырғыз Республикасының Экономика және Коммерция министрлігі арасында өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау саласындағы талаптарды күшейту және бақылау жөніндегі одан әрі бірлескен шаралар мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. Консультациялар Қырғыз Республикасына және Қазақстан Республикасына мамандардың бірлескен сапарларының нәтижелері бойынша ұйымдастырылды.

Жүргізілген консультациялардың нәтижелері бойынша екі жақ тараптар «сұр сертификаттарды» беруге жол бермеуге бағытталған мынадай шараларды бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты:

– өтінім беруші тіркелген елде және мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда ғана - ЕАЭО-ның басқа елдерінде өнімнің сәйкестігін бағалауды жүргізуді көздейтін ЕАЭО шеңберінде сәйкестікті бағалау кезінде «резиденттік қағидаты» мәселесіне бастамашылық жасау және ілгерілету;

- Техникалық реттеу саласында өзінің ақпараттық жүйелерін біріктіру бойынша одан әрі шаралар;

- сәйкестікті бағалау рәсімдерін жүргізу кезінде бұзушылықтарға жол берген сертификаттау жөніндегі органдарды бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімдерінен шығару жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;

- анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратпен алмасу бойынша жедел өзара іс-қимыл регламентін іске асыру;

- өтінім беруден бастап құжатты беруге дейін сәйкестікті бағалау (сертификаттау және декларациялау) процестерін толық цифрландыру;

- өнімге сынау жүргізу мерзімдері мен хронометраждарын әзірлеу және пайдалану;

- осындай тіркеу нәтижелерінің сұраныстары бойынша сынақтарды фотофиксациялау және жедел алмасу жөніндегі шараларды күшейту;

- сертификаттау жөніндегі сарапшыларға (сарапшы-аудиторлардың), сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарға, зертханаларға қойылатын талаптарды, жауапкершіліктерін, және бақылау және қадағалау органдарының өкілеттіктерін жетілдіру және күшейту және т. б.

Қырғыз Республикасының Экономика және Коммерция министрлігі үстіміздегі жылдың 20 наурызынан бастап Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу жөніндегі міндеттерін (тауарлардың көпшілігі сәйкестік декларациясына жатады) мемлекеттік ұйым Қырғыз Республикасы Экономика және Коммерция министрлігі жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі орталыққа беру туралы қабылданған қаулысы, жеке меншік ұйымдардан басқа, күшіне енетіні туралы қосымша хабардар етті, бұл негізінен көптеген проблемалық мәселелерді шешеді.

Өткізілген консультациялар мен тиісті хаттармен алмасуды ескере отырып, тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сәйкестікті бағалау жөніндегі органдары берген бірыңғай нысандағы сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен сүйемелденетін өнім айналысына шектеулер мен тыйым салулар енгізбей қабылданатын шаралар кешенін іске асыруға уағдаласты.