Көлік құралының типін мақұлдауды және шасси типін мақұлдауды алуы бойынша қызметі автоматтандырылды

Көлік құралының типін мақұлдауды және шасси типін мақұлдауды алуы бойынша қызметі автоматтандырылды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде https://eokno.gov.kz / (бұдан әрі – «Бірыңғай терезе» АЖ) Көлік құралының типін мақұлдауды және шасси типін мақұлдауды беру модулін (бұдан әрі – КҚТМ және ШТМ) іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.

Сәйкестікті бағалау туралы көрсетілген құжатты беру бойынша «Бірыңғай терезе» АЖ модулін іске қосу 2023 жылғы 25 қаңтарда өтеді.

Анықтама

Бір типке жатқызылған айналысқа шығарылатын көлік құралдары мен шассилердің "доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар КҚТМ және ШТМ болып табылады. Бұл құжаттар көлік құралдары мен шассидің сапасын және олардың қажетті қауіпсіздік нормалары мен экологиялық талаптарға толық сәйкестігін растау болып табылады.

 «Бірыңғай терезе» АЖ-да КҚТМ және ШТМ беруді автоматтандыру өтініш берушілердің үйде немесе кеңседе отырып, оны алу үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінішті қашықтан беру мүмкіндігін ашты.

КҚТМ және ШТМ тіркеу нөмірі бергеннен кейін ол туралы мәліметтер «Бірыңғай терезе» АЖ-дағы көлік құралдарының қауіпсіздігін растайтын құжаттар тізіліміне онлайн-режимде түседі.

Сондай-ақ, «Бірыңғай терезе» АЖ арқылы берілген және басып шығарылған КҚТМ және ШТМ QR-кодты қамтиды, ол арқылы құжаттар тізілімінде КҚТМ және ШТМ тексеру мүмкіндігі іске асырылды.

 «Бірыңғай терезе» АЖ-да КҚТМ және ШТМ беру жөніндегі функционалды іске асыру өтініш берушілерге КҚТМ және ШТМ алғаннан кейін бірден көлік құралын кедендік тазартуды жүргізуге мүмкіндік берді, соның есебінен өтініш берушілердің көлік құралдарын уақытша сақтау орындарына орналастыруға арналған шығындары қысқартылды.

Сонымен қатар, көлік құралдарын кедендік тазарту кезінде ұсынылған КҚТМ және ШТМ сәйкестендіру «Бірыңғай терезе» АЖ-да берілген және басып шығарылған КҚТМ және ШТМ көрсетілген QR-кодты оқу жолымен не КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізілімінен іздеу жолымен жүзеге асырылады. Яғни, қатаң есептілік бланкісінде басып шығарылған КҚТМ және ШТМ  түпнұсқасын кеден органдары сұратпайды.

«Бірыңғай терезеде» жұмыс істеуге және өтініш берушілерге консультация беруге қатысты мәселелер бойынша Telegram мессенджерінде чат жұмыс істейді (t.me/eoknokz), сондай-ақ қолдау қызметі құрылды e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Бұдан басқа, Telegram мессенджерінде КҚТМ және ШТМ беру мәселелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар өкілдеріне консультация беру үшін жеке чат ашылды.

 «Бірыңғай терезе» порталының негізгі мақсаты бұрын әртүрлі ақпараттық жүйелерде болған экспорттық-импорттық операцияларды жасауға қатысты ақпарат пен функцияларды бір жерге біріктіру болып табылады. «Бірыңғай терезе» АЖ-да рұқсат құжаттарының жекелеген түрлерін беру және кедендік мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.