Атырау облысында автомобильге арналған сапасыз салқындатқыш сұйықтықты өткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысында автомобильге арналған сапасыз салқындатқыш сұйықтықты өткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 802-бабы шеңберінде «Мастерок» ЖК жеке кәсіпкеріне қатысты КО ТР 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін, атап айтқанда: кристалданудың басталу температурасы минус 22°С (КО ТР 030/2012 бойынша-кристалданудың басталу температурасы минус 35°С жоғары болмауы тиіс: минус 35°С-65°С) массалық үлесі 20% –дан асатын метил спиртінің жоғары құрамы (КО ТР 030/2012 бойынша-0,05% - дан аспайды) 127206, Мәскеу, «МастерОйл» ЖШҚ өндірүшінің, Тосол ELITECOOL салқындатқыш сұйықтығын сатқаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Құқық бұзушыға қатысты кінәні мойындауға байланысты қысқартылған іс жүргізу шеңберінде 336 375 теңге мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылды.

Қазіргі уақытта айыппұл толық төленді.

Кодекстің 415 - бабына сәйкес техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару түрінде жасалған Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу – жеке тұлғаларға тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.