Ақтөбеде кәсіпорынға таңбалауға сәйкес келмегені үшін айыппұл салынды

Ақтөбеде кәсіпорынға таңбалауға сәйкес келмегені үшін айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ақпараты бойынша Ақтөбеде жеке кәсіпкерге қатысты, саны 41 дана, жалпы сомасы 61500 теңге болатын Red Antifreeze AvtoCross маркалы салқындатқыш сұйықтықты айналымға шығаруға тыйым салу туралы қаулы шығарылды.

Бұл қаулыны шығаруға Кеден одағының 030/2012 КО ТР «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті 4-тармағының 4.2-тармақшасы талаптарының бұзылуы себеп болды, яғни таңбалау сәйкес келмеді, бұл тұтынушыны жаңылыстырады, өйткені кез келген тұтынушы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы сенімді ақпарат алуға құқылы.

Бұл бұзушылық жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталды. Бұдан басқа, жеке кәсіпкерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабы 1-тармағының 1-тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне 336 375 теңге сомасында айыппұл салынды.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған өнім партиясы сатудан алынып тасталды, айыппұл толық көлемде төленді.