ISO халықаралық стандарттау ұйымы Қазақстанда стандарттауды дамыту стратегиясын әзірлеуге жәрдемдеседі

ISO халықаралық стандарттау ұйымы Қазақстанда стандарттауды дамыту стратегиясын әзірлеуге жәрдемдеседі

2023 жылғы қыркүйекте Австралияның Брисбен қаласында өткен ISO Бас Ассамблеясы шеңберінде ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің, сондай-ақ ҚазСтандарттың өкілдері ISO-мен бірлесіп стандарттау жөніндегі ұлттық стратегияны әзірлеудегі маңызды қадамдарды талқылады.

ISO Бас хатшысы Серхио Мухика тұрақты даму мен халықаралық стандарттар Қазақстанның болашағында шешуші рөл атқаратынын және ISO жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.

ISO-ның 2021-2025 жылдарға арналған негізгі мақсаттарының бірі дамушы елдердің ұлттық стандарттау стратегияларын әзірлеу қабілетін нығайту болып табылады. Аталған бағдарлама бүкіл әлем бойынша 99 ұлттық стандарттау органында сәтті жүзеге асырылды, бұл қатысушы елдердің жартысынан астамында ұлттық стратегияларды әзірлеуге әкелді.

«ISO стандарттарды дамыту арқылы неғұрлым орнықты әлем құруда көп күш-жігер жұмсауда және Қазақстанмен ынтымақтастық стандарттау және орнықты даму саласында жаңа орталар ашады», - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Осы стратегия, Қазақстан үшін негізгі жол картасы болады, ол ұлттық стратегиялық басымдықтардың ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетініне кепілдік береді.