Кеден одағының техникалық регламенті 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" талаптарын бұзу фактілері анықталды

Кеден одағының техникалық регламенті 018/2011 "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" талаптарын бұзу фактілері анықталды

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді берудің дұрыстығына қатысты хатын қарастыру үшін ТРМК Ақтөбе облыстық Департаменті «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» филиалының сынақ орталығына қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді.

Ақпараттық жүйелерден, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынған мәліметтерді зерделеу, салыстыру барысында «ҰССО» АҚ АФ СО-мен тізілімде Mercedes-Benz және Setra маркалы м3 санаттағы көлік құралдарына экологиялық класс – 5, сондай-ақ тиісінше 2009 және 2012 шығарылған жылдарын көрсете отырып, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктері тіркелгені анықталды.

Алайда, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы MERCEDES-Benz бас дестрибьютерінің «АВТОКАПИТАЛ» ЖШС ұсынған 03.02.2023 жылғы анықтамасына сәйкес, Mercedes-Benz маркалы автомобильдер жоғарыда аталған көлік құралдары 1998, 2002 жылдары шығарылғаны және 3-экологиялық сыныпқа жататыны анықталды, яғни бұл Кеден одағының техникалық регламенті 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес келмейді.

Профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша Департамент «ҰССО» АҚ АФ СО атына анықталған бұзушылықтарды жою және көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы жоғарыда көрсетілген куәліктердің күшін жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жолдады.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалының сынақ орталығы анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды толық көлемде орындады және қазіргі уақытта көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы жоғарыда көрсетілген куәліктердің күші жойылды.

Көлік құралдары конструкциясының күші жойылған қауіпсіздігі туралы куәліктер бойынша ақпарат көлік құралдарын әкелу кезінде Кеден заңнамалары талаптарының сақталуы жөнінде тиісті іс-шаралар қабылдау үшін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.