Мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы үшін жарты миллион теңге айыппұл

Мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы үшін жарты миллион теңге айыппұл

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласындағы «YaSons» сауда үйі қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Заңды тұлғаның өтініші бойынша 2020 жылғы 30 желтоқсандағы «Техникалық реттеу туралы» Заңының және Кеден одағының «Майлар және арнайы сұйықтықтар, жағармай материалдарына қойылатын талаптар туралы» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында 249 бірлік мотор майлары КО ТР 4.4 тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Яғни таңбалау Кеден одағына мүше мемлекеттің ресми және мемлекеттік тілінде жазылу принципі сақталмаған.

 Заңбұзушылық келесі мотор майларының маркаларында анықталды: HyundaiXTeerGearOil-4 80W90 1L, өндіруші: Корея; HyundaiXTeerGearOil-5 80W90 1L, өндіруші: Корея; KIXXG1 5W40,1 L, өндіруші: GSCaltexCorp, GSTower 508, Nonheyon-ro, Сеул, Корея.

Жоғарыда көрсетілген сәйкессіздік «Техникалық реттеу туралы» Заңды бұзу болып табылады, мұнда өнімді өндірушілер, сатушылар өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 415 бабының 1-бөлігіне сәйкес «техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің айналымына шығарылғаны үшін жауапкершілікті қарастырады.

Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 534 750 теңге айыппұл түрінде әкімшілік айыппұл салынды.

 Талаптың толық сомасы төленді. Басқарма қызметкерлерімен «Техникалық реттеу туралы» Заңының және кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.