Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның сақталмағаны анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның сақталмағаны анықталды

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтау бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментінің Сарыағаш және Мақтаарал аудандары бойынша Шекара басқармаларында әскери прокуратурамен бірлескен тексеру жүргізді.

Тексеру барысында медициналық бөлімде қолданылатын өлшеу құралдарының 97 бірлігі метрологиялық тексеру жүргізбей пайдаланылғаны анықталды. Олар қан қысымын бақылауға арналған аппараттар, әскери қызметшілердің дене температурасын және қоршаған ортаны өлшеуге арналған термометрлер, жанар-жағармай материалдарын жіберуге арналған отын-тарату бағаналары, сұйықтықтың қысымы мен температурасын өлшеу кезінде манометрлер мен термометрлер және т.б.

Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік әскери прокуратураның ұсынымын алғаннан кейін қаралатын болады.