Техникалық реттеудің барлық тізілімдері электрондық түрде "е-ТРМК" ақпарат жүйесінде қарастырылған

Техникалық реттеудің барлық тізілімдері электрондық түрде "е-ТРМК"  ақпарат жүйесінде  қарастырылған

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында уәкілетті органның техникалық реттеудің ақпараттық жүйесін жүргізуі көзделген.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап ҚР  CИМ платформасында аккредиттеу және кәсіпкерлік субъектілеріне ақысыз негізде пайдалану үшін қолжетімді "е-ТРМК" техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі ("е-ТРМК" АЖ) іске қосылды.

Осы ақпараттық жүйеде техникалық реттеудің барлық тізілімдері (берілген сәйкестік сертификаттарының тізілімі және сәйкестік туралы декларация, сертификаттау органдарының және сынақ зертханаларының тізілімі, қауіпті өнімдер тізілімі, өлшеу құралдары тізілімі және т.б.) шоғырланған.

Бүгінгі таңда жүйеде 300-ден астам субъект тіркелген, 32 процесс, 93 кіші процесс және 78 тізілім іске қосылған.

Сондай-ақ, бүгінгі күні "Е-ТРМК", "жылжымайтын мүлік Тіркелімі", "Е-лицензиялау" АЖ ЗТ МДҚ, ЖТ МДҚ ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған, сондай-ақ жүйелер арасында деректермен алмасу үшін "бірыңғай тереземен", Астана-1-мен интеграцияны жүргізу жоспарлануда.   

Қазіргі уақытта ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "МТҚ" АҚ-мен бірлесіп, "е-ТРМК" АЖ ақпараттық қауіпсіздігін сынақтан өткізуде, оның соңында жүйені өнеркәсіптік пайдалануға қосу жоспарланған.