Петропавл қаласында «Мечта» «Sulpak» және «Технодом» электротехниканы қазақ тілінде таңбалау бөлігінде бұзушылықтарды өз бетінше жойды

Петропавл қаласында «Мечта» «Sulpak» және  «Технодом» электротехниканы қазақ тілінде таңбалау бөлігінде бұзушылықтарды өз бетінше жойды

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласындағы «Мечта», «Сулпак» және «Технодом» тұрмыстық техника сатушыларына бармай профилактикалық бақылау жүргізді.

Бармай профилактикалық бақылаудың артықшылығы бақылау органының инспекторлары бақылау объектісіне бармайды, ал орын алған бұзушылық фактілерінің қорытындылары бойынша оларды жою тәртібін түсіндіре отырып, бақылау субъектісінің ұсынымдарын жібереді. Бұл бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою немесе жою бойынша дербес шаралар қабылдауға, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Мәселен, өтініш негізінде жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы «Мечта», «Сулпак» және «Технодом» тұрмыстық техникасын сатушыларда сатылатын өнімде тауар туралы мемлекеттік тілде таңбалаудың болмауы не  бірыңғай белгінің болмауы бөлігінде жекелеген тауарлар бойынша бұзушылықтар анықталды (тауарға байланысты). Мәселе миксерлер, электр шәйнектер, буландырғыштар және ұзартқыштар сияқты тауарларға қатысты болды.

Тұтынушыларды тауар туралы мемлекеттік тілде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету ЕАЭО-ның барлық техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарының міндетті талабы болып табылады.

Аталған дүкендерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар беріліп, мерзімдері белгіленді. Бақылау субъектілері өз бетінше, көрсетілген мерзімдерде өткізілетін өнімнің сәйкестігі туралы құжаттарды ұсынды, бұл ретте тауарларды таңбалау (тұтынушылық таңбалау) сәйкестікке келтірілді, атап айтқанда, мемлекеттік (қазақ) тілінде ақпарат қосылды.

Сондай-ақ, сатушылар тауар инспекциясы қосымша жүргізілетінін және осындай бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнама талаптарына сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданатынын хабарлады.