ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ КӘСІПОРЫНДАРЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТРМК Алматы облысы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК филиалымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 18 сәуіріндеде Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы «KAZ-AQUA» ЖШС мен «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС кәсіпорындарына барды.

Кездесу мақсаты: техникалық реттеу және стандарттау мәселелерін түсіндіру, техникалық реттеу саласындағы проблемалық мәселелерді анықтау және ЕЭО ТР «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», КО ТР «Астық қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерін қолдану тәжірибесінде проблемалық мәселелерді анықтау.

 «KAZ-AQUA» ЖШС балық өсірумен айналысады, балық шаруашылығындағы тоған алаңы 3910 м2 құрайды. Компания болашақта аналық табыннан уылдырық алуды және оны ұрықтандыруды жоспарлап отыр.

«Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС жылына 60 000 тоннаға дейін жүгері дәнін өңдеуді, жылына 5000 мың тоннаға дейін ірі қара малға жем-шөп өндіруді жүзеге асырады. Кәсіпорын өз өнімдерін Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей нарықтарына жеткізеді. Қазіргі уақытта кәсіпорын ХАССП қағидаттарына негізделген тамақ өнімдерінің қауіпсіздік жүйесін енгізуде. Мемлекеттік орган мен шаруашылық жүргізуші субъект арасында өндірілетін өнімге ұлттық стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Компания жүгері глютеніне, кебекке және ұрықтарға ұлттық стандарттарды әзірлеудің басталуы туралы ақпарат жеткізілді.

Кездесуге қатысушыларды ақпараттық-анықтамалық ақпаратпен таныстырды.:

- 2020 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспары,

- интернет-ресурстар (Интернет-дүкен, Е-жоспарлау),

- ТРМК, «ҚазСтИн» РМК, ЕЭК сайттарына шолу жүргізілді.