ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ISO Лондон декларациясына қосылды

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ISO Лондон декларациясына қосылды

2021 жылдың қыркүйегінде ISO Бас Ассамблеясы аясында стандарттар арқылы климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған Лондон декларациясы қабылданды.

Лондон декларациясы ISO стандарттарының 2050 жылға қарай климаттың өзгеруінің күн тәртібіне жетудің "құралы" болуын қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен, ISO ұйымы барлық мүшелеріне осы декларацияны мақұлдау үшін хат жіберді. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) орталық хатшылығының хатына мақұлдаумен жауап берді.

"Комитет Лондон декларациясын мақтанышпен қолдайды және халықаралық стандарттардың көмегімен біз неғұрлым экологиялық таза, неғұрлым орнықты әлемге секіріс жасай аламыз, сондай – ақ адамдар мен оларды қоршаған орта арасындағы үйлесімділік қалпына келтірілетін " Жасыл" ғаламшар жасай аламыз деп сенеді", - деп жауап берді ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов.