ШҚО ауылдық округ тұрғындарымен көшпелі кездесулер өтуде

ШҚО ауылдық округ тұрғындарымен көшпелі кездесулер өтуде

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациясына жаңа тәсілдер туралы тапсырмасы аясында облыс әкімі  өкіміне сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатарынан облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды.

184 спикер облыстың 696 елді мекенінде кездесулер өткізеді. Мұндай кездесулер белсенді тұрғындарға мәселені билікке жеткізуге мүмкіндік береді, қоғаммен тұрақты сенімді диалог құруға және әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуге ықпал етеді.

Осыған байланысты техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментіне Ново-Хайрузовка, Приморское, Алыбай, Құндызды ауылдарынан тұратын ШҚО Катонқарағай ауданының Новохайрузовский а.о. бекітілді.

Осы тапсырманы орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 4-6 сәуір аралығында ТРМК департаменті басшысының м.а. А.А.Жаксыбаева тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізді. Ол тұрғындарды билік пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа тәсілдерін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, ауыл тұрғындарының проблемалық мәселелерін белгілеп, техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнаманың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын түсіндірді.