Қазақстан мен Өзбекстанның III өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі жұмыс күні басталды

Қазақстан мен Өзбекстанның III өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі жұмыс күні басталды

Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III Форумы өз жұмысын жалғастыруда.

Форум жұмысының алғашқы күнінде "Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен тауар өткізу жүйесін құру" және "трансшекаралық тәуекелдерді басқару. Экологияны сақтау / қорғау және жаңартылатын энергия көздерін дамыту" тақырыбында екі панельдік сессия өтті.

Сонымен қатар, форум алаңында екі елдің іскер топтарының көптеген кездесулері өтті. В2В келіссөздердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы $611,3 млн. құрайтын 54 құжатқа қол қойылды, оның ішінде инвестициялық - $372,7 млн, сауда – $238,6 млн (экспорт – 123,7, импорт – 114,9 (2021-2022жж.).

Инвестициялық уағдаластықтардың ішінде Түркістан арнайы экономикалық аймағының аумағында картон мен қағаз өндіру және электр техникалық өнім өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы келісім бар. Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімдігі "Discovery Invest" ЖШҚ - мен өнеркәсіптік нысандарды, азаматтық тұрғын үй кешендерін, білім беру мекемелерін салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы Меморандум, ал Шымкент қаласының әкімдігі Asia Metal Prof ЖШҚ - мен металл өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба туралы меморандум жасасты.

Өзбекстанға қазақстандық трансформаторларды, бейнебақылау камераларын, локомотивтер мен рельс-арқалық өнімдерін, ақылды есік құлыптарын, фосфорит шикізатын, жиһаз бен АӨК өнімдерін жеткізудің экспорттық келісімшарттарының тізбесінде.

Импорттық келісімшарттардың ішінде Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп тауарларын, құрылыс материалдарын, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге келісім бар.

Бүгін, Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы жұмысының 2-ші күні, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Форумның пленарлық отырысына қатысады.

Отырыста, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Жизақ облысының хокимі Ру Эргаш Салиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және ҚР Навои облысының хокимі Нормат Тұрсынов сөз сөйлейді.

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысының хаттамасына қол қою күтілуде.