Бақылау қазақстандық нарықтағы тауар орамасының көлемі мен салмағының дәлдік өлшем шарттарын белгілейді

Бақылау қазақстандық нарықтағы тауар орамасының көлемі мен салмағының дәлдік өлшем шарттарын белгілейді

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-2-бабының 7-тармағына сәйкес, мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің аумақтық департаменттерінің құзыретіне кіретінін хабарлаймыз.

Заңның 22-бабы 1-тармағының 6 және 7-тармақшаларына сәйкес сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны және оны өткізу кезінде кез келген түрдегі қаптамаларда өлшеп-оралған өнімнің саны мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылады.

Заңның 24-бабы 3-тармағының 2 және 3-тармақшаларына сәйкес осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге мемлекеттік метрологиялық бақылау: иеліктен шығарылатын өнімнің мөлшерін сипаттайтын масса, көлем, шығыс немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында және орамдағы өнім санының орамда көрсетілген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 436-НҚ бұйрығымен дайындаушы немесе сатушы өлшеп-салған өнімнің кез келген түрдегі қаптамадағы, сондай-ақ импорттаушы әкелген өлшеп-оралған өнімнің және мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің санының сәйкестігін белгілеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес, дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған өнімнің кез келген түрдегі қаптамадағы, сондай-ақ импорттаушы әкелген өлшеп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің санының сәйкестігін анықтауды аумақтық Департаменттің мемлекеттік инспекторы ақаусыз және салыстырып тексерілген өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады.

Егер, Сіз дайындаушы, сатушы өлшеп-салған, сондай-ақ импорттаушы әкелген өлшеп-оралған өнімнің саны сауда операцияларын жасау кезінде орамда белгіленген өнім санына сәйкес келмейтіндігін анықтасаңыз, аумақтық Департаментке өтініш бере аласыз.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-бөлігі 4-тармағының талаптарына сәйкес құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғаның (тұтынушының) өтініші жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып табылатынын білу маңызды.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалау тоқтатылғанына назарларыңызды аударамыз.

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрілігі

Техникалық реттеу және метрология

Комитеті