Салтанатты іс-шара өткізілді

Салтанатты іс-шара өткізілді

        Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті  Бүкіләлемдік стандарттау күні мерекесіне орай «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК ҚФ-ң өкілдерімен бірлесіп «Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін арналған стандарттар» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізді.

     Іс-шараға Қызылорда облыстық және қалалық кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері және  басқа да жергілікті стандарттау саласына қатысы бар мекеме өкілдер қатысты.

   Іс-шараның  мақсаты - техникалық реттеу мен стандарттау саласындағы қызметке назар аудару, отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ қоғам үшін өзекті мәселелерді шешуде стандарттардың рөлін көрсету.

     Стандарттау экономиканың дамуында, өнеркәсіп мүдделерін қорғауда, сауда, басқарушы құрылымдар мен тұтынушылық қозғалыстың толассыз қызмет көрсетуінде маңызды роль атқарады.   Стандарттау еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан сәтті дамуына үлес қосатын маңызды себеп шарттардың бірі болып табылады. Стандарттардың талаптарын орындау арқылы  біріншіден, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсіреді және өнімнің сапасының артуына мүмкіндік береді.

     Іс-шара барысында  «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-ң онлайн режимде  ұйымдастырған «Тұрақты даму мақсаттары туралы» үздік бейне түсірілім конкурсына қатысқаны үшін  Нұрлыбаева Нуриля, Жақсылық Нұрай, Тажибаева Сабина құрмет грамоталарымен және арнайы сыйлықтармен  марапатталды.