ШҚО Бородулиха және Бесқарағай аудандық ауруханаларында Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру

ШҚО Бородулиха және Бесқарағай аудандық ауруханаларында Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарын түсіндіру

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылаудың бекітілген тізіміне сәйкес ШҚО бойынша ТРМК департаменті ШҚО Бородулиха және Бесқарағай аудандық ауруханаларында мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша Семей қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңын, өлшем құралдарын тексеруді жүргізу қағидаларын, өлшем құралдарын тексерудің кезеңділігін және өлшем құралдарын тексеру туралы сертификат нысанын, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін түсіндіру мақсатында аудандық ауруханалар өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Департаменттің Семей бөлімшесінің басшысы Ракш Шумаев «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғаларының мүдделерін өлшемнің дұрыс емес нәтижелерінен қорғау болып табылатынын түсіндірді. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары жөндеуден кейін айналысқа шығарылар алдында пайдалану кезеңінде салыстырып тексеруге жатады. Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша екі ауруханада да 319 өлшеу құралы қалпына келтірілді, ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын 108 өлшем құралы уақтылы тексерілмеген.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша туындаған мәселелер жөнінен Департаментпен одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы шешім қабылданды.