«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру

Қазақстан Республикасы Сауда және Интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Лотос» зергерлік үйінің Есік қаласы филиалында,  Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Заңының талаптарын түсіндіру бойынша жұмыс кездесуін өткізді (2016 жылғы 14 қаңтардағы №444-V ҚРЗ).

             Кездесудің мақсаты: «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндіру.

            Департамент мамандары, 2021 жылғы 21 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы 2019 жылғы 22 қарашадағы Келісімнің күшіне енгенін хабарлады.     Келісім бойынша Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зергерлік бұйымдардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының аумағында Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін үшінші елдерден әкелінген «Барыс басы» рәмізі мен «KZ» Қазақстан халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасы болмаса, зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуге жол берілмейді.

            Департамент мамандары зергерлік үйдің ұжымына бұйымдағы атаулы таңбаның және сынамалық таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылатындығы, сондай-ақ зергерлік және басқа да бұйымдарға ендірме ретінде қолдан жасалған материалдарды пайдаланған кезде жапсырмаларда осы тастың бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуге тиіс екендігі туралы ақпарат жеткізді.

            Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көзделген зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген критерийлеріне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылатынын еске салды.