Зергерлік бұйымдар мәселелері бойынша "Дөңгелек үстел" өткізілді

Зергерлік бұйымдар мәселелері бойынша "Дөңгелек үстел" өткізілді

 

         Қазақстан  Республикасында қабылданған «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңының талаптарын түсіндіру және Техникалық реттеу және метролгия  комитетінен түскен тапсырманы  орындау  мақсатында  Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен зергерлік бұйымдарды сатумен (өткізу) және өндіруші шаруашылық субъектілерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 13ші қазанында  аумақтық кәсіпкерлікті дамыту  «Даму»  қорының ғимаратында  «Дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді.

  Департамент басшысы-Бауыржан Қарсақбаев  бағалы металдар мен асыл тастар жөніндегі заңнаманың негізгі талаптарына және комитеттің берген тапсрмасын орындау мәселелеріне  тоқталып өтті.

 Өнімде сынамалау таңбасы және таңба бедерінің  болмауы заңсыз (жасырын) шығарылған өнімнің  сатып алынғандығының белгілері болып табылатындығы түсіндірілді. Қабылданған нормалар тұтынушыларды алдау жағдайларын, контрафакталық өнімдердің  сатылуын болдырмайды және алдын-ала сараптаманы өтпей  өнімдерді сатуға болмайтындығы  түсіндірілді.

  Департаментпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстық  департаментімен деректерді салыстыру , зергерлік бұйымдарға сынамалау таңбасын салатын уәкілетті кәсіпорындарға сұраным жасау, зергерлік бұйымдарды өткізуші(сатушы) шаруашылық субъектілерге заң бұзушылықтар көрсетіліп, ескертпе-хабарламалар тарату жұмыстары атқарылғандығы аталды.

   Өткізілген шара аясында департаменттің бөлім басшысы-Әуелбек Қамзаев Евразиялық экономикалық одаққа мүше 5 ел арасында  Бағалы металдар  мен асыл тастар операцияларын жүргізудің ерекшеліктері жөнінде жасалған Келісім (Соглашение) талаптарына  тоқталып, Қазақстан Республикасының заңдылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмескерлікпен күрес мәселелерін үйлестіру жөніндегі Координациялық  кеңестің өткізген мәжілісінде талқыланған мәселелерді  (экономикалық контрабанда және осы бағыттағы жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі,  кеңестің қабылдаған шешімдер жөнінде) айтты.

Мәжіліске қатысушылардан түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді.             

                                                             ТРМК Қызылорда облысы бойынша 

                                                                                                             департаменті