Халықаралық стандарттарды қолданудың жаңа ережелері

Халықаралық стандарттарды қолданудың жаңа ережелері

1 шілдеде «Техникалық реттеу туралы» Заңға өзгерістер күшіне енді. Енді 27-бапқа сәйкес ұйымдар халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдана алады. Бұл міндеттерді орындау үшін бірнеше нұсқаулар бар:

1) Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын ұлттық стандарттар ретінде қолдану үшін шет мемлекеттің стандарты негізінде ұлттық стандартты әзірлеуге және оны Стандарттау жоспарына енгізуге ресми өтінім-хат жіберу қажет. Бұл ретте ұлттық стандарт ретінде шет мемлекеттің стандартын қолдануға түпнұсқа ұстаушыдан рұқсат алу қажет.

2) Стандартты тікелей қолдану кезінде бірінші кезекте түпнұсқаны ұстаушының талаптарын сақтау қажет: стандартты қолдануға мүдделі ұйым оны ұстаушының авторлық құқықтарын сақтай отырып, тікелей түпнұсқаны ұстаушыдан немесе оның Қазақстан аумағындағы ресми дистрибьюторынан сатып алуға тиіс.

Әрі қарай халықаралық/аймақтық стандартты пайдаланушы Ұлттық стандарттау органына - ҚазСтандартқа қажетті ақпарат берілетін халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттер стандарттарын тікелей қолдану туралы хабарлама жіберуі керек:

  1. Пайдаланушы ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, атауы, мекенжайы, телефоны және электрондық поштасының мекенжайы;
  2. Стандарттау жөніндегі құжаттың белгіленуі, атауы және қабылданған күні (түпнұсқа тілінде, қазақ және орыс тілдерінде);
  3. Стандарттау жөніндегі құжатты қолдану мақсаттары;
  4. Стандарттау жөніндегі құжатты пайдалану құқығын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  5. Стандарттау жөніндегі құжаттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын ақпарат;
  6. Пайдаланушы ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).

Сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарт пен шет мемлекеттің стандартын қолданар алдында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру қажет.

Ұйым шегінде ішкі пайдалану үшін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми емес аудармасы бар стандарттау жөніндегі құжаттардың түпнұсқа жарияланымын қолдануға рұқсат етіледі.

Ұйымның осы құжаттардың талаптарын орындауын көрсету мақсатында (аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар, мемлекеттік бақылау, шарттық міндеттемелерді орындау және т.б. барысында) үшінші тұлғаларға стандарттау жөнінде қолданылатын құжаттарды ұсынған кезде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармасы бар стандарттау жөніндегі құжаттардың түпнұсқа жарияланымы қолданылады.

Сәйкестікті ерікті растау және аккредиттеу саласына енгізу мақсатында халықаралық стандарттарды қолданған кезде Сәйкестікті растау жөніндегі органдар (СРО) немесе Сынақ зертханалары (СЗ) халықаралық стандарттардың мәтіндерін өз бетінше сатып алуға және оларды ҚР СТ 1.9 сәйкес ұйымның стандарты ретінде қолдануға тиіс (халықаралық стандарттарды СРО-ға немесе СЗ-ға сәйкестікті растау қызметіне өтініш беруші ұйымның ұсынуы түпнұсқаларды ұстаушылардың авторлық құқықтарының бұзылуы ретінде қаралады, өйткені стандарттарға арналған көп пайдаланушы лицензиялар, әдетте,, бір ұйым немесе өзара байланысты ұйымдар тобы шеңберінде ұсынылады).

​​ Бүгінгі күні «Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға қойылатын жалпы талаптар» атты ҚР СТ 1.9-ға да өзгерістер енгізілді, онда халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолданудың неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібі баяндалған.