А. ж. 22-24 қыркүйек аралығында ISO Стандарттау жөніндегі Халықаралық Ұйымының Бас Ассамблеясының отырысын онлайн форматта өткізу жоспарлануда, онда әлемнің 160-қа жуық елінің стандарттау жөніндегі ұлттық органдарының өкілдері жиналады.
Отырыста ұйым қызметінің қорытындылары шығарылады, ISO Кеңесіне сайлау үшін рейтингтік критерийлер бекітіледі, 2022 қаржы жылына қаржы аудиторлары тағайындалады, ISO Жарғысына түзетулер қаралады.
Іс-шара барысында ISO Форсайт (ұзақ мерзімді болжау әдістемесі) бойынша семинар, сондай-ақ "әртүрлілік және инклюзивтілік" және "Климат және басқару"тақырыптарында секциялық талқылаулар ұйымдастырады.
Отырыс шеңберінде 2022-2023 жылдарға арналған ISO саясат жөніндегі вице-президенті лауазымына үміткерлерді және 2023-2024 жылдарға арналған техникалық менеджмент жөніндегі вице-президентті сайлау, сондай-ақ 2022-2024 жылдарға арналған ISO Кеңесінің құрамына сайлау өтеді.
1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ISO-ның толық құқықты мүшесі болып табылады. ISO-ға мүшелік халықаралық стандарттарды әзірлеуге қатысуға және халықаралық талаптармен үйлестіру, әлемдік нарықта отандық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, озық технологияларды енгізу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мемлекет, өнеркәсіп және бизнес өкілдері ISO Стандарттау жөніндегі 117 техникалық комитеттер мен кіші комитеттердің (ТК және ДК) жұмысына қатысуда. Жыл сайын Қазақстан Республикасы ISO-ға қатысу үшін мүшелік жарналарды төлеуді жүзеге асырады.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан ISO Кеңесінің мүшелігіне 2 жылдық мерзімге (2020 жылға дейін) қабылданды. ISO кеңесі ISO саясаты мен стратегиясын белгілейтін және олардың орындалуын бақылайтын ISO басқарушы органы болып табылады.
ISO-тәуелсіз үкіметтік емес халықаралық ұйым, оның қызметіне бүгінде әлемнің 165 елінің стандарттау жөніндегі ұлттық органдары тартылған. ISO инновацияны қолдайтын және жаһандық мәселелерді шешуге ықпал ететін консенсусқа негізделген халықаралық стандарттарды жасау және дамыту үшін сарапшыларды біріктіреді. ISO стандарттарының портфелі бүгінде барлық салаларды қамтитын 23 988-ден астам құжаттарды қамтиды.