
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төраға орынбасары Ж.Есенбекованың 2021 жылғы 18 тамыздағы №24-03-24/5387 хатында көрсетілген тапсырмасын орындау мақсатында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 қазандағы №183-VI «Стандарттау туралы» Заңын түсіндіру үшін кәсіпорындарға техникалық оқу өткізді.
Аталған іс-шараға, «БестПрофи» ЖШС, «KAZGOR» ӨА, Қазақстан стандарттау және метрология институтының Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының қызметкерлері қатысты.
Қазақстан стандарттау және метрология институтының Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының жетекші маманы Жарасқан Бекбатыров, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 қазандағы №183-VI «Стандарттау туралы» Заңының, оның ішінде стандарттау жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарды тарату және жариялау жөнінде негізгі талаптарын айтты.