Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет), 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 11-үй, анықтама телефоны: 74-95-12, 87077303042, электрондық пошта: sa.seitkanova@mti.gov.kz, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 11-үй мекенжайында орналасқан, телефоны 98-37-08, 98-37-19.  Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу  аясындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Практикалық тәжірибесі: мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білімі:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы). 

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, шаруашылық және қаржылық шарттарды жасасу және орындау, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру тәртібін, ұйымның экономикасы мен қаржысын басқаруды, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, салалық келісімдерді, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білу.

Функционалдық міндеттері:

Қамтамасыз ету қажеттілігі:

кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;

кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;

уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;

салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;

шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;

кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;

тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілік туралы мәліметтерді ұсыну.

 

 

 Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар конкурстық іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

    3) еркін нысанда жазылған өмірбаяны;

    4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;

    6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.) ұсына алады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын 2021 жылғы 18 тамыздан бастап 1 қыркүйек аралығындағы мерзімді қоса алғанда sa.seitkanova@mti.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады.   

 

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=ru.

Сұхбаттасуды өткізу күні 2021 жылғы 13 қыркүйек, өтетін орны: қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы  өткізіледі, бұл туралы кандидатқа қосымша хабарланады.