«Аралтұз» АҚ-да түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Аралтұз» АҚ-да түсіндірме жұмыстары жүргізілді

   

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Айгүл Абдукаримова «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аңсат  Сұлтанбеков және бас маманы Тимур Ибраевпен  бірлесіп,  «Аралтұз» АҚ-да түсіндіру жұмыстарын өткізді.

     Аталған іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы қабылданған «Техникалық реттеу туралы» Заңы, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңдарына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттандыру және түсіндіру.   

      «Аралтұз» АҚ 1925 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі ас және техникалық тұз өндірушісі болып табылады. Компания қызметінің негізгі бағыттары - ас және техникалық тұзды өндіру, шығару және сату.

      Тұздан жасалып шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында "Аралтұз" АҚ ISO 9001, ISO 22000, HACCP және халал сертификаттарына  және ISO 50001 басқару жүйелерінің халықаралық стандарттарының талаптарын сақтайды. Ас тұзы органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша ҚР СТ МЕМСТ Р 51574-2003, ал техникалық тұз ҚР СТ 2649-2015 талаптарына және ұйымның стандарттарына сәйкес келеді. Тұздың сапасы және қауіпсіздігі зауыт зертханасымен тексеріледі және акредиттелген бөгде сынақ зертханасымен расталады.

        Жұмыс барысында Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы қабылданған техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаларының негізгі ережелері, Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» және 022/2011 «Таңбалау бөлігіндегі  тамақ өнімдері» техникалық регламент талаптары  түсіндірілді.

     Кездесу барысында қатысушылардан түскен сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.