"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңын бұзу туралы

"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңын бұзу туралы

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мамандары облыстың медициналық мекемелерінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында профилактикалық бақылау жүргізеді. 2021 жылдың өткен кезеңінде бес аудандық аурухана тексерілді.

Тексеру барысында мемлекеттік реттеуге қатысты қолданылатын өлшеу құралдарына тексеру жүргізілді. Бұзушылық фактілері орын алуда, атап айтқанда тиісті ресімдеусіз бірқатар өлшеу құралдарын пайдалану және қолдану, тексеру таңбалары мен тексеру туралы сертификаттар жоқ.

 Осылайша, мемлекеттік бақылау нәтижесінде медициналық жабдықтың 585 өлшем құралының 112 бірлігі уақытылы тексеруден өтпеген.

Аталған бұзушылықтар олардың "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" ҚР Заңының 19-бабының талаптарын сақтамағандығын куәландырады. Соңында нақты мерзімдер көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар мен нұсқаулар берілді.  

Профилактикалық бақылау барысында медициналық персоналға 2000 жылғы 7 маусымдағы "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен нормалары түсіндіріліп, жеткізілді. Өлшеу құралдары болып табылатын медициналық бұйымдардың тізімі бар екеніне назар аударылады. Көрсетілген Заңның 19-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары олардың типі бекітілгеннен немесе метрологиялық аттестаттаудан өткеннен кейін және айналысқа шығарылар алдында, жөндеуден кейін, пайдалану кезеңінде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін салыстырып тексеруге жатады.