Баспа өнімдері мен мектеп-жазу керек-жарақтарының қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар

Баспа өнімдері мен мектеп-жазу керек-жарақтарының қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар

Бүгінгі таңда супермаркеттердің, кеңсе дүкендерінің сөрелерінде және базарларда баспа өнімдері мен мектеп-жазу құралдарының кең ассортименті ұсынылған.

Жаңа оқу жылының басталуымен әр ата-анаға мектепке арналған жазу құралдарын сатып аларда, баспа өнімдері мен мектепке арналған жазу құралдары тек қызықты және түрлі-түсті ғана емес, сонымен қатар ең бастысы бала үшін қауіпсіз болуы керек екенін білуі қажет.

Балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ осы өнімді пайдаланушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен КО ТР 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті бекітілді.

Техникалық регламент химиялық, биологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерге қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Баспа (кітап және журналды) өнімдері, мектеп-жазу құралдары биологиялық, химиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Баспа өнімдерін дайындау үшін газет қағазын пайдалануға жол берілмейді. Қайта пайдалануға арналмаған баспа өнімдерін қоспағанда. Сондай-ақ баспа өнімдерінде қаріптің тар жазуын қолдануға жол берілмейді.

Әдеби-көркем және танымал ғылыми өнімдердің мәтіндерінде, қосымша білім беру үшін дамытушылық оқыту басылымдарында қара фонда түрлі-түсті бояулар мен ақ әріптерді қолдану ұсынылмайды.Баспа өнімдері химиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі қажет және зиянды заттар шығармауы тиіс.

Мектеп және жалпы дәптерлерді дайындау үшін, сөздерді жазу үшін, мектеп жасына дейінгі балаларды жазуға дайындау үшін, ноталар, мектеп күнделіктері үшін жазу қағазы, сондай-ақ полиграфиялық қағаздың басқа да түрлері пайдаланылады, жылтыр қағазды қолдануға жол берілмейді.

Альбомдарды, папкаларды және сурет салу дәптерлерін өндіруге сурет салу қағазы,    сондай - ақ белгілі бір қағаз массасы бар полиграфиялық қағаздың басқа да түрлері пайдаланылады; сызуға арналған альбомдар және папкаларға - сызу қағазы. Журналды және баспа кітап өнімдері қауіпсіздігінің сәйкестігін растау декларациялау нысанында жүргізіледі.Сондай-ақ, өтініш берушінің қалауы бойынша өнімнің сәйкестігін декларациялау сертификаттаумен ауыстырылуы мүмкін. Өнімнің таңбалануы дұрыс, тексерілетін, оқылатын және тексеру мен сәйкестендіру үшін қолжетімді болуы тиіс. Өнімді таңбалау мынадай ақпаратты: өнім дайындалған елдің атауын; дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), импорттаушының, дистрибьютордың атауын және орналасқан жерін; бұйымның атауын және түрін (мақсатын); дайындалған күнін; нарықтағы айналымның бірыңғай белгісін; тауар белгісін (бар болса) қамтуға тиіс. Ақпарат осы бұйым өндірілетін аумақтың және тұтынушыға өткізілетін Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде немесе орыс тілінде ұсынылуға тиіс.

Өнім Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығына техникалық регламентке, сондай-ақ қолданысы оған қолданылатын Кеден одағының басқа да техникалық регламенттеріне сәйкес келген кезде айналымға шығарылады, бұл ретте ол сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтуге тиіс және Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануға тиіс.

Сәйкестігі расталмаған өнім Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланбауы және нарыққа айналымға шығарылмауы тиіс.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен алуға болады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2. Тел.: 8 (727) 392-15-03, 392-13-26. Е- mail: ktrm_almaty@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Кенжеғұлова Айнұр Рүстенбекқызы.