АЛМАТЫДА ПАРФЮМЕРЛІ-КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 АЛМАТЫДА ПАРФЮМЕРЛІ-КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Mon Amie» және «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкендердің алаңында Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында дүкендердің қызметкерлеріне Кеден одағының «Парфюмерлі-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 009/2011) техникалық регламентінің талаптарын түсіндірді, ол КО мүше-мемлекеттердің аумағында айналымға шығарылатын тұтыну ыдысындағы парфюмерлік-косметикалық өнімге таралады.

Парфюмерлік-косметикалық өнім осы техникалық регламентке сәйкес келген кезде нарыққа шығарылады, бұл ретте ол сәйкестікті міндетті растау рәсімінен өтуі тиіс.

Осы КО техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен парфюмерлік-косметикалық өнімдер КО мүше-мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.

Кездесудің соңында ашық диалог өтті және тұщымды пікір алмасу болды, дөңгелек үстел қатысушылары өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауаптар мен жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.