«ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ» АҚ ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП, ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗЕДІ

 «ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ» АҚ ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН БІРЛЕСІП, ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗЕДІ

«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев неміс тұрғын үй компаниялары мен жылжымайтын мүлік компаниялары федеральдық одағының (GdW) президенті Аксел Гедашкомен және «Шыңыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы» (IWO e.V.) бастамасының директоры Кнут Хёллермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кешенін дамыту мақсатында өзара қарым-қатынас жасау жолдарын талқылады және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес, компаниялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жалпы стратегиясы, тұрғын үй қорын басқару саласындағыҚР заңнамасын, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобалардыжетілдіру, энергияны үнемдеу саласындағы пилоттық жобаларды бірлесіп іске асыру, сонымен бірге ТКШ жаңғырту үшін инвестицияларды және гранттарды тарту секілді бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.

Нұрсұлтан Жиенбаев «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарымен неміс әріптестерін ақпараттандырды және Қомпанияның жақын жылдарға арналған стратегиялық мақсаттары туралы айтып өтті.

«Өзіміз білетіндей, Германияның, тұрғын үй қорын басқарудағы айқындықты арттыруда, тұрғын үй қорының энергетикалық санациясын жүргізуде, сондай-ақ аталған сала үшін жоғары білікті мамандар даярлауда тәжірибесі мол. Осыны ескере отырып, біз жұмысты ТКШ жаңғырту жөніндегі жалпы стратегияны даярлау, тұрғын ғимараттардың энергия тиімділігі стандарттарын, сондай-ақ ТКШ саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша бастауды ұсынамыз.», - деп атап көрсетті ол.

Қазіргі кезде, компания ТКШ секторына инновацияларды белсенді түрде енгізуде. Жақын арада құрылған Аналитика және инновациялар департаменті озық және тиімді  технологияларды одан әрі қолдануды талдайтын болады.   Инвестицияларды тарту және МЖӘ департаменті Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттен тыс инвестицияларды және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту  мақсатымен шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржылық ұйымдармен жұмыс істейтін болады. Корпоративтік даму және HR департаменті компания қызметінің стратегиялық жетілдіру, жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және біліктілігі жоғары мамандарды іріктеу бағытында жұмыс істейтін болады.