Кеден одағы комиссиясының 09.12.2011 ж. № 877 шешімімен Кеден одағының «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) техникалық регламенті бекітіліп, 01.01.2015 ж. бастап күшіне енді және осы сәттен бастап көлік құралдарының құрамдауыштары осы КО ТР сәйкес келген жағдайда нарықта айналымға жіберіледі.
Көлік құралдарының құрамдауыштары үшін айналымға шығару кезінде КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты болып табылады.
Көлік құралының құрамдауыштары бұл көлік құралдарын құрастыру өндірісіне және (немесе) пайдаланудағы көлік құралдары үшін ауыстырмалы (қосалқы) бөлшектер ретінде жеткізілетін көлік құралы конструкциясының құрамдас бөліктері.
Пайдаланудағы көлік құралдары үшін ауыспалы (қосалқы) бөлшектер ретінде айналымға шығарылатын кұрамдауыштар КҚ-ға орнату кезінде КҚ айналымға шығару сәтіндегі деңгейге қатысты оның қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі тиіс.
Сәйкестікті растаудың мақсаты сәйкестікті растау үшін мәлімделген типке жататын барлық шығарылатын кұрамдауыштардың КО ТР 018/2011 көзделген талаптарға сәйкес келетіндігін куәландыру болып табылады.
Сәйкестікті растау бұрын пайдаланылған құрамдауыштарға (қосалқы бөлшектерге) қатысты жүргізілмейді.
Сәйкестікті растау сәйкестікті декларациялау немесе міндетті сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.
Сәйкестік сертификаттары немесе КО ТР 018/2011 талаптары бойынша сәйкестік туралы декларациялар ресімделген құрамдауыштар (қосалқы бөлшектер) нарықтағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.
Таңбалау кескіннің анықтығын қамтамасыз ететін және өшіп қалмауды болдырмайтын кез-келген ыңғайлы тәсілмен жүзеге асырылады.
Құрамдауыштарды (қосалқы бөлшектерді) таңбалау кезінде нарықтағы өнім айналымының бірыңғай белгісі өнімнің өзіне (егер бұл техникалық мүмкіндік болса) және/немесе заттаңбаға (егер бар болса), сондай-ақ орамаға және ілеспе техникалық құжаттамаға орналасуға тиіс. Нарықтағы өнім айналымының бірыңғай белгісі мүмкіндігінше дайындаушының тауар белгісінің жанында орналасуы тиіс.
Құрамдауыштарды "Е" немесе "е" ресми бекіту белгілерімен таңбалау, өнімнің нарықтағы айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауға теңестіріледі. Құрамдауыштарда "Е" немесе "е" ресми бекіту белгілерімен таңбалау болған кезде, мұндай құрамдауыштарды нарықта бірыңғай айналым белгісімен таңбалау талап етілмейді.
Толық ақпаратты Сіздер, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.